| Роберто Росселлини | |
| Roberto Rossellini | |
| | |
| Жалпы мағлұмат | |
|---|---|
| Туған күні | 8 мамыр 1906 |
| Туған жері | Рим, Италия |
| Қайтыс болған күні | 3 маусым 1977 (71 жас) |
| Қайтыс болған жері | Рим, Италия |
| Азаматтығы |
|
| Мамандығы | режиссёр, |
| Белсенді жылдары | 1936–1977 |
| Марапаттары | «Алтын арыстан» (1959) |
| IMDb | |
Ортаққордағы Роберто Росселлини | |
Росселини Роберто (итал. Roberto Rossellini; 8 мамыр 1906, Рим — 3 маусым 1977, сонда) — итальян кинорежиссері. Неореализм негізін салушылардың бірі. Кинодағы қызметін әуесқой ретінде бастады. «Рим — ашық қала» (1945), «Пайза» (1946), «Генерал Делла Ровере» (1959) және «Римде түн еді» (1960) атты үздік фильмдерінің тақырыбы антифашистік Қарсыласу қозғалысымен тығыз байланысты. Бұдан басқа Дж. Гарибальди туралы «Жасасын Италия!», Стендальдің шығармасы бойынша «Ванина Ванини» (1961) фильмдерін қойды. 60 жылдары телевизиялық фильмдер жасаумен шұғылданды. Оның картиналары бірнеше рет Халықаралық кинофестивальдар сыйлығына ие болды.
- 8 мамырда туғандар
- 1906 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Римде туғандар
- 3 маусымда қайтыс болғандар
- 1977 жылы қайтыс болғандар
- Римде қайтыс болғандар
- Алфавит бойынша кинорежиссёрлер
- Италия кинорежиссёрлері
- XX ғасыр кинорежиссёрлері
- Алфавит бойынша сценарийшілер
- Италия сценарийшілері
- XX ғасыр сценарийшілері
- Алтын пальма бұтағы сыйлығының иегерлері (режиссёрлер)