| Майкл Оуэн | |||||||||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||||||||
| Жалпы мағлұмат | |||||||||||||||||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| Толық аты | Майкл Джеймс Оуэн | ||||||||||||||||||||||||
| Туған күні | 14 желтоқсан 1979 (46 жас) | ||||||||||||||||||||||||
| Туған жері | Честер, Англия | ||||||||||||||||||||||||
| Азаматтығы |
| ||||||||||||||||||||||||
| Бойы | 173 см | ||||||||||||||||||||||||
| Салмағы | 67.8 кг | ||||||||||||||||||||||||
| Позиция | шабуылшы | ||||||||||||||||||||||||
| Клуб жайлы ақпарат | |||||||||||||||||||||||||
| Клуб | футбол карьерасын бітірді | ||||||||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||||||||
Майкл Джеймс Оуэн (ағылш. Michael James Owen; 14 желтоқсан 1979 жыл, Честер, Англия) - ағылшын футболшысы. Бұрын «Ливерпуль», «Реал Мадрид», «Ньюкасл Юнайтед» және «Манчестер Юнайтед» клубтарында ойнады. 2001 жылы Еуропадағы жылдың ең үздік ойыншысы деп танылды.
Мансап
Клубтық
Оуэн футбол ойнауды туған қаласының «Честер» командасының құрамында бастаған. 11 жасында оны «Ливерпуль» скауттары байқап. 1996 жылда клуб үшін дебютін жасайды.
2004 жылда Оуэн «Реал Мадрид клубымен көп жылдық келісім шартқа қол қояды. Зинедин Зиданмен, Рауль Гонсалеспен, Роналдомен ойнады
2005 жылында Оуэн «Ньюкаслмен» келісімге келді деп жарияланды. Кейбір ақпараттарға қарағанда, зеңбірекшілер футболист үшін 16 млн фунт стерлинг төледі.
2009 жылдың 27 шілдесінде Оуэн «Манчестер Юнайтед» клубымен 2 жылдық келісімшарт жасасты.
2013 жылда футбол карьерасын бітірді.
Ұлттық құрама
1998-2008 жылдары Ұлттық құрамада ойнап, 1998, 2002, 2006 жылдары әлем чемпионатына, 2000, 2004 жылдаоы Еуропа чемпионатына қатысты.
1998 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Аргентинаға соққан гол әлем чемпионаттары тарихындағы "Үздік индивидуалды голдардың" үздік бестігіне енді.
Жетістіктері
Командалық
Ливерпуль
- Англия кубогы: 2000/01
- Англия Лига кубогы (2): 2000/01, 2002/03
- Англия суперкубогы: 2001
- УЕФА кубогы: 2000/01
- УЕФА Суперкубогы: 2001
Манчестер Юнайтед
- Англия чемпионы: 2010/11
- Англия лига кубогы: 2009/10
- Англия суперкубогы: 2010
Жеке
- «Алтын доп» иегері (France Football): 2001
- Англия чемпионатының үздік ойыншысы: 1997/98
- Англияның үздік жас футболшысы: 1998
- Англия чемпионатының үздік ойыншысы: тамыз 1998
- Англия чемпионатының "Алтын бутсысы" (2): 1997/98, 1998/99
- Жыл спортшысы (BBC): 1998
- Әлемнің үздік футболшысы («World Soccer»): 2001
- 1998 жылғы әлем чемпионатының үздік жас футболшысы
- ФИФА 100
- 14 желтоқсанда туғандар
- 1979 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Честерде туғандар
- Алфавит бойынша футболшылар
- Англия футболшылары
- Англия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары
- Манчестер Юнайтед ФК ойыншылары
- Ливерпуль ФК ойыншылары
- Реал Мадрид ФК ойыншылары
- Сток Сити ФК ойыншылары
- Ньюкасл Юнайтед ФК ойыншылары
- Алтын доп иегерлері
