| Флорес индон. Flores | |
| Топографиялық картасы | |
| Сипаттамасы | |
|---|---|
| Ауданы | 13 540 км² |
| Ең биік нүктесі | 2370 м |
| Тұрғындар (2010 жыл) | 1 830 000 адам |
| Халық тығыздығы | 135,155 адам/км² |
| Орналасуы | |
| 8°37′00″ о. е. 121°08′00″ ш. б. / 8.61667° о. е. 121.13333° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 8°37′00″ о. е. 121°08′00″ ш. б. / 8.61667° о. е. 121.13333° ш. б. (G) (O) (Я) | |
| Акватория | Флорес теңізі |
| Ел | |
| Аймақ | Шығыс Нуса-Тенгара |
Флорес (Flores) — Индонезияға қарайтын Кіші Зонд топаралындағы арал.
Жерінің аумағы 15,6 мың км². Аралдың көпшілік бөлігін сөнген және әрекетті жанартаулары (12 — 14) бар, биіктігі 2400 м-дей конус пішінді таулар, солтүстік жағалауын төбелі жазықтар алып жатыр. Климаты субэкваторлық, муссондық. Жылдық жауын-шашын мөлшесі 1000 — 1400 мм.
Муссондық орман және саванна өседі. Жүгері, күріш, кокос пальмасы, кофе өсіріледі. Негізгі қалалары: Рутенг, Энде. Португал теңізшілерінің қойған “Флорес” атауы аралдағы өсімдік дүниесінің (жапырағын тастайтын муссондық ормандар, саванналар) байлығын білдіреді.
- Алфавит бойынша аралдар
- Флорес
- Үнді мұхиты аралдары
- Шығыс Нуса-Тенгара