| Аль Пачино | |
| Al Pacino | |
| Пачино, 2016 жыл | |
| Жалпы мағлұмат | |
|---|---|
| Туған кездегі есімі | Альфредо Джеймс Пачино |
| Туған күні | 25 сәуір 1940 (86 жас) |
| Туған жері | Манхэттен, Нью-Йорк, АҚШ |
| Азаматтығы |
|
| Мамандығы | актёр, режиссёр, сценарийші, кинопродюсер |
| Белсенді жылдары | 1968 жылдан бері |
| Марапаттары |
|
| IMDb | |
Ортаққордағы Аль Пачино | |
Альфредо Джеймс «Аль» Пачино (ағылш. Alfredo James "Al" Pacino; 25 сәуір 1940, Манхэттен, Нью-Йорк) — америкалық кино мен театр актёрі, режиссёр.
Гангстер рөлдерін сомдауы арқылы атақты, соның ішінде «Майкл Корлеоне» «Өкіл әке» трилогиясында, Тони Монтана «Тыртық бет» киносында, Альфонсо «Биг Бой» Каприз «Дик Трэйси» киносында және «Карлито жолы» фильміндегі Карлито Бриганте рөльдерін атап өтсе болады. Сонымен бiрге ол заңның аржағы бойындағы полицияның офицерi, детектив пен қорғаушы рөлдерімен көзге түскен. 1992 жылы «Әйелдің иісі» фильміндегі Фрэнк Слэйд рөлі оған Оскар сыйлығы алып берді, оның алдында 7 рет «Оскар» номинацияларына ұсынған.
Пачино кинода 1969 жылы «Мен, Натали» фильмінде рөл сомдап, дебютін жасайды. Ол маңызды емес екінші дәрежедегі роль ойнайды. 1971 жылы екінші фильмге түседі, бірақ бұл жолы «Нидл паркіндегі дүрбелең» драмасында басты кейіпкер ролінде ойнайды. Бұл фильмнің түсірілімі кезінде актерда Коппола байқап, «Өкіл әке» фильміндегі Майкл Корлеоне ролін ойнауға шақырады.
Кинодағы керемет мансабынан басқа, Аль Пачино таңбалы жақсы театр актері болып табылады. 1977 жылы абыройлы театрлық марапат «Тони» марапатымен марапатталды. Одан басқа, көптеген басқа марапаттар иегері болып табылады, оның ішінде Америка киномәдениет институтының марапаты бар. Аль Пачино Эллен Бёрстинмен бірге Нью-Йорктегі актерлік студияны басқарады.
Аль Пачино ешқақан үйленген емес, бірақ көптеген актрисалармен романтикалық қатынаста болған, қазіргі уақытта 3 баланың әкесі.
Өмірбаяны
Аль Пачино 1940 жылғы 25 сәуірде Нью-Йорктегі Манхэттенде орналасқан Шығыс Гарлемде туылады. Роза және Сальваторе Пачино италоамерикандықтар жанұясында туылады, балаға 2 жыл болғанда ата-аналары ажырасып кетеді. Одан кейін анасымен бірге Онтүстік Бронкстегі зоопарк ауданына көшіп кетеді, ол жерде атасы мен апасы Кейт және и Джеймс Джерарди тұратын. Олар кезінде Сицилиядағы Корлеоне деген аймақтан қоныс аударған. Әкесі колифорниялық қала Ковинаға көшіп кетеді, ол жерде ресторатор және сақтандырушы болып жұмыс істейді.
Аль Пачино әйгілі Нью-Йорк атқарушы мәдениет Жоғарғы мектебіне түседі (ағылш. Fiorello H. LaGuardia High School). Жас кезінде, «Сони», достары оны солай атаған, кәсіпкер бейсболшы болуды армандаған. Бірақ сол кезде, достары арасында оның тағы бір лақап аты пайда болады – Актер.
Оқу Альфредоға қызық болмай, ол ағылшыннан басқа сабақтарын нашар тапсырады. 17 жасында мектептен қуылады. Анасы бұл жағдайға разы болмай, екеуі ұрысып, Альфредо үйін тастап кетеді. Ол аз төленетін жұмыстарда істейді, соның ішінде : официант, жинаушы, хатшы, шабарман; тапқан қаражатын актерлік оқуын жалғастыру үшін қажет төлемге арнайды. 9 жамасында темекі шегуді бастайды, ал 13 жасында спиртті сусындарды татып, кішкене дозада марихуана қолданатын. Бірақ ешқашан қатты есіртке қолданбайтын, өйткені оның екі жақын досы дозаны артық қабылдағаннан қайтыс болады. Аль Пачино кедей және криминалды ауданда өседі, сондықтан көбінесе төбелес бастаушысы өзі болады.
Мансабы
Басы
Актерлік студияға түскен сон Аль Пачино өзінің бірінші эпизодты рольдерін ала бастайды. Бірақ бұл рольдер манызсыз және төлемсіз болатын. Бірінші жақсы ұсыныстар Аль Пачиноға тек сахнадағы жақсы ойынынан кейін келе бастайды. Аль Пачиноның кинодағы дебюті 1969 жылғы «Мен, Натали» фильмінде өтті, оның партнері Патти Дьюк болады. 1970 жылы «Creative Management Associates» актерлік агенттігімен келісім шартқа қол қояды.
1970 жылдар
Бірінші үлкен ролі Аль Пачино 1971 жылы Джерри Шацбергтің «Нидл паркіндегі дүрбелең» фильміндегі нашақор ролі болады. Осыдан кейін оны Фрэнсис Форд Коппола байқап, «Өкіл әке» жаңа фильміндегі Майкла Корлеоне роліне шақырады. Коппола басқа барлық үміткерлерден бас тартты, олардың ішінде Роберт де Ниро, Мартин Шин, Джеймс Каан, Роберт Редфорд және Уоррен Битти болған. Киностудияның бастықтары бұл жаңалықты естіп, шошып келеді, олардың ойларынша Аль Пачино дәрежесі бұл рольге сәйкес келмейтін. Нәтижесінде сол ролі үшін бірінше рет Оскар марапытына номинацияға түседі, бірақ неге екінші пландағы үздік еркее ролі үшін номинацияға түскеніне түсінбей, церемонияға бойкот жариялайды. Бірінші пландағы үздік еркек роліне, фильмде аз түскен Марлон Брандо номинацияға түседі. Статуэтканы бұл жолы Аль Пачино алмайды, өз кезегінде МАрлон Брандода церемониға бармайды, бірақ ол өз номинациясында ұтады.
1973 жылы тағы да Шацберг фильмінде ойнайды, бұл жолы «Қарақшы» атты фильміндегі оның серігі әйгілі Джин Хэкмен болады. Сол жылы Пачино “Серпико” фильмінде басты рольде ойнайды, бұл фильм шыңайы оқиға туралы түсірілген. Нью-Йорктық полицей Фрэнк Серпико жүйеге қарсы күресіп, өз қатарластары арасында коррупцияланған жұмысшыларды табуға тырысады.
1974 жылы Аль Пачино «Өкіл әке 2» фильмінде тағы да Майкла Корлеоне ролінде ойнайды. Бұл фильм “Оскар” алған ең бірінші сиквел ретінде таңымал. Аль Пачиноның өзі үшінші рет номинацияға түседі, бірақ марапаталмайды.
Фильмдер тізімі
| Жылы | Қазақша аты | Рөл | Түпнұсқа аты |
|---|---|---|---|
| 1969 | Мен, Натали | Тони | Me, Natalie |
| 1971 | Нидл паркіндегі дүрбелең | Бобби | The Panic in Needle Park |
| 1972 | Өкіл әке | Майкл Корлеоне | The Godfather |
| 1973 | Серпико | Фрэнк Серпико | Serpico |
| 1973 | Қарақшы | Тони Дамато | Scarecrow |
| 1974 | Өкіл әке 2 | Майкл Корлеоне | The Godfather: Part II |
| 1975 | Ит талтүс | Сонни Вортцик | Dog Day Afternoon |
| 1977 | Қарызға алынған өмір | Бобби Дирфилд | Bobby Deerfield |
| 1979 | Барлығы үшін әділдік | Артур Киркланд | ...And Justice for All |
| 1980 | Іздеуші | Стив Борнс | Cruising |
| 1982 | Автор! Автор! | Айвэн Травальян | Author! Author! |
| 1983 | Тыртық бет | Тони Монтана | Scarface |
| 1985 | Төңкеріс | Том Добб | Revolution |
| 1989 | Махаббат теңізі | Frenk Keller | Sea of Love |
| 1990 | Жергілікті стигматик | Грэм | The Local Stigmatic |
| 1990 | Дик Трейси | Биг Бой Каприс | Dick Tracy |
| 1990 | Өкіл әке 3 | Майкл Корлеоне | The Godfather: Part III |
| 1991 | Фрэнки мен Джонни | Джонни | Frankie and Johnny |
| 1992 | Гленгарри Глен Росс (Американдықтар) | Рикки Рома | Glengarry Glen Ross |
| 1992 | Әйелдің иісі | Фрэнк Слэйд | Scent of a Woman |
| 1993 | Карлито жолы | Карлито «Чарли» Бриганте | Carlito’s Way |
| 1995 | Ширек | Гитано Сабатони | Two Bits |
| 1995 | Қызба | Винсент Ханна | Heat |
| 1996 | Сити Холл | Джон Паппас | City Hall |
| 1997 | Донни Браско | Бенни «Солақай» Руджеро | Donnie Brasco |
| 1997 | Шайтанның заңгері | Джон Милтон / Люцифер | The Devil’s Advocate |
- 25 сәуірде туғандар
- 1940 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Манхэттенде туғандар
- Алфавит бойынша актерлер
- АҚШ актерлері
- АҚШ телевизия актерлері
- Алфавит бойынша кинорежиссёрлер
- АҚШ кинорежиссёрлері
- Алфавит бойынша сценарийшілер
- АҚШ сценарийшілері
- Алфавит бойынша кинопродюсерлер
- АҚШ кинопродюсерлері
- Эмми сыйлығының иегерлері
- Тони сыйлығының иегерлері
- Алтын глобус сыйлығының иегерлері
- BAFTA марапаты иегерлері
- Үздік актер үшін Оскар сыйлығының иегерлері