Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Дермот Малруни (ағылш. Dermot Mulroney, 31 қазан 1963, Александрия, Виргиния, АҚШ) — америкалық актер.

Дермот Малруни

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Дермот Малруни
Dermot Mulroney
Сурет
Жалпы мағлұмат
Туған күні

31 қазан 1963 (1963-10-31)(62 жас)

Туған жері

Александрия, Виргиния, АҚШ

Азаматтығы

 АҚШ

Мамандығы

актёр

Белсенді жылдары

1986 — қазіргі уақытқа шейін

IMDb

ID 0000551

Дермот Малруни (ағылш. Dermot Mulroney, 31 қазан 1963, Александрия, Виргиния, АҚШ) — америкалық актер.

Өмірбаяны

Малрунидің әкесі Вилланова Универсиетінің профессоры. Дермот кішкентай кезінде вионочельде ойнап, мектеп театрында өз өнерін көрсеткен. 1985 жылға дейін Малруни Northwestern University университетінде білім алған. Т.С. Уильямстың мектебін 1981 жылы бітіріп, Малруни Чикаго қаласында оқуға түседі. Түскен университетінде кино, театр өнерін және музыканы 1985 жылға дейін оқиды. Актер 30-дан аса фильмдерде түскен. Кинодағы ең бірінші рөлі- Блейк Эдвардстың «Закат»(1988) фильміндегі кейіпкері. Кейін «Молодые стрелки» фильмінде түседі. Малруни тек фильммен ғана шектелмей, талантты музыкант ретінде танымал. Ол виолончель, мандолина, гитара, скрипкада ойнай біледі.

Жеке өмірі

1990-2007 жылдар аралығында Дермот Кэтрин Кинермен некеде болған. Олардың ортақ Клайд Кинер Малруни атты ұлдары бар. Дермот Малруни 2007 жылы екінші рет үйленеді. Қазіргі әйелі Тарите Катуль 2008 жылы Мэйбл Рэйге қыз сыйлайды. Ал 2009 жылы олардың екінші балалары дүниеге келеді.

Жоғары