Жарғылық капитал / Жарғы капиталы — құрылатын кәсіпорынның (фирманың, ұйымның) активтеріне құрылтайшылар салған салымдардың құны, яғни оның капиталының бастапқы сомасы. Ол кәсіпорынның жарғысында айқындалады, негізінен акцияларды сатудан түскен ақша есебінен құралады. Қатысушы осы салымдар шегінде фирманың міндеттемелері бойынша жауап береді. Жарғылық капитал фирма теңгерімінде оқшау есептеледі.
Санаттар:
- Экономика
- Қаржы