| Le Figaro | |
| фр. Le Figaro | |
| Газеттің бірінші беті | |
| Түрі | күнделікті газет |
|---|---|
| Форматы | берлинер |
| Иесі | Société du Figaro |
| Баспашы | Робер Мерги |
| Редакторы | Алексис Брезе |
| Бас редакторы | Алексис Брезе |
| Құрылған жылы | 15 қаңтар 1826 жыл |
| Саяси тиістілік | либеральды-консервативті |
| Тілі | |
| Мерзімділік | күнделікті |
| Бас кеңсесі | Париж |
| Тиражы | 329 462 дана (2019 жыл) |
| ISSN | |
| | |
| lefigaro.fr | |
«Ле Фигаро» (фр. Le Figaro) – 1826 жылы негізі қаланған Францияның күнделікті таңғы газеті. Франциядағы ең көне ұлттық газет Le Figaro Le Monde және Libération газеттерімен бірге Францияның жетекші басылымдарының бірі болып саналады. Le Figaro — Le Monde-дан кейінгі екінші ең ірі ұлттық газет. Газет атауы Бомаршенің пьесаларының кейіпкері Фигароның құрметіне берілген. Газеттің атауының астына басылған ұраны да осы автордың «Ақымақ күн, немесе Фигароның үйленуі» пьесасынан алынған: «Сын айту еркіндігі болмаған жерде ешбір мақтаудың маңызы жоқ» (фр. Sans la liberté de blâmer, il n’est point d'éloge flatteur).
- Алфавит бойынша газеттер
- Франция газеттері
- Француз тіліндегі газеттер
- 1826 жылы негізі қаланған газеттер