Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

«Болтон Уондерерс» футбол клубы (ағылш. Bolton Wanderers Football Club) — Англияның Болтон қаласындағы футбол клубы. Англия футбол лигасының негізін қалаушы 12

Болтон Уондерерс

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Англия Болтон Уондерерс
Құрылған жылы

1874

Стадионы

Тафшит Коммьюнити

Сыйымдылығы

28 723

Сайты

bwfc.co.uk

Жарыс

EFL League One

2024/25

8

Формасы
Форма
Негізгі
форма
Форма
Қонақтық
форма

«Болтон Уондерерс» футбол клубы (ағылш. Bolton Wanderers Football Club) — Англияның Болтон қаласындағы футбол клубы. Англия футбол лигасының негізін қалаушы 12 клубтың бірі.

2011/12 жылы Премьер Лигадан түсіп қалды да, содан бері қайта элитаға оралған жоқ. Қазір 1-лигада (үшінші дивизион) ойнайды.

2004/05 жылы Англия чемпионатында 6-орын алды да, тұңғыш УЕФА кубогына қатысуға мүмкіндік алды. 2005/06 жылғы УЕФА кубогында 1/8 финалға дейін жетіп, "Олимпик Марсельден" ұтылып қалды.

Тарихы

Жетістіктері

  • 1 дивизион: 3
    • 3-орын: 1891/92, 1920/21, 1924/25
  • 2 дивизион: 3
    • Чемпион: 1908/09, 1977/78, 1996/97
    • 2-орын: 1899/1900, 1904/05, 1910/11, 1934/35
  • 3 дивизион: 1
    • Чемпион: 1972/73
    • 2-орын: 1992/93
  • Англия кубогы: 4
    • Жеңімпаз: 1923, 1926, 1929, 1958
    • Финалист: 1894, 1904, 1953
  • Англия Лига кубогы:
    • Финалист: 1995, 2004
  • Англия суперкубогы: 1
    • 1958

1998 жылдан бергі статистикасы

Маусым Дивизион Поз О Ж Т Ұ СД ЖД Ұп
1998/99 Чемпионшип 6 46 20 16 10 78 59 76
1999/00 6 46 21 13 12 69 50 76
2000/01 3 46 24 15 7 76 45 87
2001/02 Премьер-лига 16 38 9 13 16 44 62 40
2002/03 17 38 10 14 14 41 51 44
2003/04 8 38 14 11 13 48 56 53
2004/05 6 38 16 10 12 49 44 58
2005/06 8 38 15 11 12 49 41 56
2006/07 7 38 16 8 14 47 52 56
2007/08 16 38 9 10 19 36 54 37
2008/09 13 38 11 8 19 41 53 41
2009/10 14 38 10 9 19 42 67 39
2010/11 14 38 12 10 16 52 56 46
2011/12 18 38 10 6 22 46 77 36
2012/13 Чемпионшип 7 46 18 14 14 69 61 68
2013/14 14 46 14 17 15 59 60 59
2014/15 18 46 13 12 21 54 67 51
2015/16 24 46 5 15 26 41 81 30
2016/17 1 лига 2 46 25 11 10 68 36 86

Рекордшылары

Көп матч өткізгендер

# Есімі Кезең Матч
1Англия Эдди Хопкинсон1952—1970578
2Англия Рой Гривз1965—1980575
3Англия Алекс Финни1922—1937530
3Финляндия Юсси Яскелайнен1997—2012530
5Англия Риммер Уоруик1960—1975528
6Англия Брайан Эдвардс1947—1965518
7Уэльс Тед Визард1910—1931512
8Англия Пол Джоунс1970—1983506
9Англия Нэт Лофтхаус1946—1960503
10Англия Рой Хартл1952—1966499

Мергендер

# Есімі Кезең Гол
1Англия Нэт Лофтхаус1946—1960285
2Англия Джо Смит1908—1927277
3Англия Дэвид Джек1920—1928161
4Англия Джек Милсом1930 ;;153
5Англия Рэй Уэствуд1928—1947144
6Шотландия Вилли Мойр1945—1955134
7Англия Джон Байром1966—1976130
8Англия Гарольд Блэкмор1927—1932122
9Англия Нил Уотмор1973—1988121
10Шотландия Джон Макгинли1992—1997118

Сілтемелер

  1. Complete Handbook HI RES.pdf. Басты дереккөзінен 14 желтоқсан 2010. Тексерілді, 16 шілде 2025.
Жоғары