Параллель түзулер,Евклидтік геометрияда — бір жазықтықта жататын және өзара қиылыспайтын түзулер. Абсолюттік геометрияда — берілген түзуде жатпайтын нүкте арқылы осы түзумен қиылыспайтын ең болмаса бір түзу өтеді. Евклидтік геометрияда мұндай түзулер тек біреу ғана болады. Бұл тұжырым Евклидтің 5-постулатымен пара-пар (параллель түзулер туралы). Лобачевский геометриясы бойынша жазықтықтағы берілген АВ түзуі бойында жатпайтын С нүктесі арқылы АВ түзуімен қиылыспайтын шексіз көп түзулер өтеді. Олардың АВ түзуіне тек екеуі ғана параллель болады. СЕ түзуі АВ түзуіне А нүктесінен В нүктесіне қарай бағытта параллель түзу деп аталады, егер:
- В мен Е нүктелері АС түзуінің бір жағында жатса;
- СЕ түзуі АВ түзуімен қиылыспаса;
- АСЕ үшбұрышының ішкі бөлігі арқылы өтетін кез келген сәуле АВ сәулесімен қиылысса. СҒ түзуінің АВ түзуіне параллель болатындығы да осылайша анықталады.
| Параллель түзулерді басқа түзу қиғандағы сәйкес тең бұрыштар жұбы. | Параллель түзулерді басқа түзу қиғандағы сәйкес тең ішкі айқыш бұрыштар жұбы. | Ішкі айқыш бұраштар бір бірін толықтырады (қосындылары 180 градусқа тең). |

- Математикалық қатынастар
- Классикалық геометрия