| Маршал Әміржанұлы Әбдіхалықов | |
| Туған күні | 26 шілде 1936 |
|---|---|
| Туған жері | Форт-Шевченко, Гурьев облысы, РКФСР |
| Қайтыс болған күні | 29 қыркүйек 1990 (54 жас) |
| Қайтыс болған жері | Алматы, Қазақ КСР |
| Азаматтығы |
|
| Ұлты | қазақ |
| Мансабы | жазушы, тілші, публицист |
| Шығармашылық жылдары | 1963-1986 |
| Шығармалардың тілі | |
Маршал Әміржанұлы Әбдіхалықов (1936, Форт-Шевченко қаласы - 1990, Алматы) – жазушы, журналист, публицист.
Өмірбаяны
- ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) бітірген (1959).
- 1959 – 1963 жылдары:
- Форт-Шевченко қаласындағы қазақ орта мектебінде мұғалім
- оқу ісінің меңгерушісі
- аудандық газеттің жауапты хатшысы
- Т.Г. Шевченко атындағы мемориалдық мұражайдың директоры
- 1963 – 86 жылдары:
- «Лениншіл жас» («Жас алаш») газетінде
- «Қазақстан әйелдері» журналында
- «Қазақфильм» киностудиясында
- республикалық «Білім» қоғамында
- «Жұлдыз» журналында қызметтер атқарған.
Шығармалары
- «Ильич тапсырмасымен», Повесть (1981 жылы - орыс, 1982 жылы украин тілдерінде жарияланды). А., 1967
- Желаяқ бала. Повесть. А., «Жазушы», 1969
- Алыстағы Маңғыстауда. Повесть. А., «Жазушы», 1971
- «Маңғыстау аңыздары»
- «Үлкен вахта»
- «Қара тасқын». Повесть. А., «Жазушы», 1975
- Мұнайшылар қаласы. Суретті кітапша. А., «Жалын», 1977
- «Жеті қат жер астында». Роман. А.., «Жазушы», 1978.
- «Сүйінғара» секілді деректі хикаялары, повестері мен романдары жеке кітап болып басылған.'
«Қара тасқын», «Жеті қат жер астында» романдары өз кезеңінде қазақтың ұлттық жұмысшы табы өкілдері мен инженер кадрларының өсу, кемелдену жолын нанымды көрсете білгендігімен ерекшеленді. «Сүйінғара» романы 19 ғасырдағы қазақ даласының бірегей қолбасшы батырларының бірі С.Үргешбаевтың ерлік жолын, өткен ғасырдағы Батыс Қазақстан аймағында болған тарихи оқиғалар, қазақ елінің сол кездердегі Ресей және Азия хандықтары мен арадағы қатынастары аясында шынайы бейнеленгендігімен құнды.
- Әбдіхалықов ондаған көркем фильмдерді қазақ тіліне аударған.
Жетістіктері
- ҚР-ның Құрмет грамотасымен марапатталған.
- Форт-Шевченко қаласының бір көшесі М.Әбдіхалықов атында атаулы.
- 26 шілдеде туғандар
- 1936 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Форт-Шевченкода туғандар
- 29 қыркүйекте қайтыс болғандар
- 1990 жылы қайтыс болғандар
- Алматыда қайтыс болғандар
- Алфавит бойынша жазушылар
- Қазақстан журналистері
- Қазақстан жазушылары