| Дайо Упамекано | ||||||||||||||||||||||
| | ||||||||||||||||||||||
| Жалпы мағлұмат | ||||||||||||||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| Туған күні | 27 қазан 1998 (27 жас) | |||||||||||||||||||||
| Туған жері | Эврё, Франция | |||||||||||||||||||||
| Азаматтығы |
| |||||||||||||||||||||
| Бойы | 186 | |||||||||||||||||||||
| Позиция | қорғаушы | |||||||||||||||||||||
| Клуб жайлы ақпарат | ||||||||||||||||||||||
| Клуб |
| |||||||||||||||||||||
| Номері | 2 | |||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||
Дайотшанкуль (Дайо) Упамекано (фр. Dayotchanculle Upamecano; 27 қазан 1998 жыл, Эврё, Франция) — франциялық футболшы, Франция Ұлттық футбол құрамасы мен "Бавария" клубының қорғаушысы.
Мансабы
Клубтық
"Валансьен" клубының түлегі. 2015 жылы "Ред Булл Зальцбург" клубына ауысып, кәсіпқой карьерасын сонда бастады. Бірақ негізгі құрамға бірден қабылдана қоймай, соны артынша жылы ойын практикасын жетілдіру үшін Аустрия бірінші лигасында ойнайтын "Лиферинг" клубына ауысты. Жаңа клубындағы тұңғыш ойынын 31 шілдеде "Санкт-Пельтенге" қарсы өткізді.
2016 жылдың басында "Ред Булл Зальцбурге" қайта оралды. 19 наурызда "Маттерсбургке" қарсы кездесуде тұңғыш рет Аустрия Бундеслигасында алаңға шықты.
2017 жылы "РБ Лейпциг" клубына ауысты.
Құрама
Францияның бірнеше жастағы құрамаларында ойнады.
Негізгі құрама сапында тұңғыш рет 2020 жылы 5 қыркүйекте УЕФА Ұлттар Лигасында Швецияға қарсы ойында алаңға шықты. Үш күннен соң осы турнирде Хорватия қақпасына тұңғыш голын соқты.
Жетістіктері
- 17 жасқа дейінгілер арасындағы Еуропа чемпионы: 2015
Сілтемелер
- Профилі 22 мамырдың 2021 жылы.
| ||||||||||
| ||||||
- 27 қазанда туғандар
- 1998 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Алфавит бойынша футболшылар
- Франция футболшылары
- Франция Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары
- Ред Булл Зальцбург ФК ойыншылары
- РБ Лейпциг ФК ойыншылары
- Бавария ФК ойыншылары