Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Ж. Әбішев атындағы химия-металлургия институты – ғылыми-зерттеу мекемесі. Орталық Қазақстандағы металлургия мен химия өнеркәсібі дамуына ғылыми негіз беру мақса

Химия-металлургия институты

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
( бетінен бағытталды)

Ж. Әбішев атындағы химия-металлургия институты – ғылыми-зерттеу мекемесі. Орталық Қазақстандағы металлургия мен химия өнеркәсібі дамуына ғылыми негіз беру мақсатында 1958 жылы құрылған. Құрамында 13 ғылыми-зерттеу лабораториясы бар. Институтты әр жылдары Қазақстан ғылым академиясының академиктері И.Н.Әзірбаев, Е.А.Бөкетов, Ж.Әбішев және В.П.Малышев, Б.С.Фиалков, Б.П.Хасен басқарған.

Институт жұмысының негізгі бағыттары:

  • металлургия процестерінің термодинамикасы мен кинетикасы;
  • бейорганикалық қосылыстардың физикалық химиясы мен термохимиясы;
  • байытудың физика-химиялық негіздерін жасау;
  • металлургияның қалдық өнімдерін қайта өңдеу мен одан жаңа материалдар алу жолдары, тағы басқа.

Тағы қараңыз

Жоғары