Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Тиын (өзб. тийин / tiyin) — өзбек сомына 1/100 қатынасында тең өзбек ұсақ ақша белгісі. Орта ғасырларда кейбір азиялық халықтар арасында тиін терісі ақша бірліг

Тиын (Өзбекстан)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Тиын (өзб. тийин / tiyin) — өзбек сомына 1/100 қатынасында тең өзбек ұсақ ақша белгісі. Орта ғасырларда кейбір азиялық халықтар арасында тиін терісі ақша бірлігінің баламасы қызметін атқарды.

Тарихы

Тиын ұсақ ақшы бірлігі ретінде Өзбекстан Президентінің 1994 жылғы 16 маусымдағы № УП-870 «Өзбекстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» жарлығы және Өзбекстан Республикасы Жоқарғы Кеңесінің 1993 жылғы 3 қыркүйектегі № 952 -XII қаулысы негізінде 1994 жылдың 1 шілдесінен бастап енгізілді. Ол тек 1994 жылғы үлгідегі 1, 3, 5, 10, 20, 50 тиындық металл шақалар түрінде шығарылды.

Инфляция нәтижесінде құнсызданған тиын шақалары де-юре заңды төлем құралы болып санала берді, бірақ іс жүзінде есеп айырысуларда пайдаланылмады. 2020 жылдың 1 наурызынан бастап ресми түрде айналыстан алынды.

Шақалары

Салыстырмалы өлшемдер
Бейнесі Белгіленген бағасы Металл (жабыны) Диаметрі, мм Жуандығы, мм Салмағы, г Қыры
1 тиын
қола/болат/қола
16
1,2
1,74
тегіс
3 тиын
19
1,3
2,7
бұжыр
5 тиын
20,5
1,4
3,4
10 тиын
никел/болат/никел
18
1,5
2,87
20 тиын
22
1,6
4
тегіс
Йигирма тийин
жазуымен
50 тиын
23
4,75
тегіс
Эллик тийин
жазуымен

Тағы қараңыз

Жоғары