Үлгі:InfoboxНарманбет Орманбетұлы (1859, қазіргі Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Нарманбет атындағы ауыл Саға жері – 1918) – ақын. ,
Арғын тайпасы Тобықты руынан шыққан.
Өмірбаяны
Алдымен діни мектепте, кейін Қарқаралыдағы екі сыныпты орыс-қазақ мектебінде оқыған. Араб, парсы, орыс тілдерін жетік біліп, әдебиетімен таныс болған. 12 – 13 жасынан өлең шығара бастаған. Жастайынан ел басқару ісіне араласқан. 1917 – 18 ж. Қарқаралы қаласында уездік сот қызметінде болды. Нарманбет Орманбетұлы өлеңдерінің негізгі тақырыбы – оқу-білім, адамгершілік, ел тәуелсіздігі. Ол өмір құбылыстарын саралай келе, шындықты көркем бейнелеуге, оны философиялық ой-тұжырымдармен түйіндеуге ұмтылған (“Қасірет деген бір тау бар”, “Балалық күй”, “Шал қайғысы”). Нарманбет Орманбетұлы отаршылдыққа қарсы “Оян, қазақ!” деп ұран тастап, 1905 жылғы дума сайлауында “Талап етер күн туды, кел ұйқыдан тұрайық” (“Сахараға қарасақ”) деп сөз бастаған. Ол орыс отаршылдығын, ел басындағы қасіретті, азаттыққа қол жеткізуді жырлаған (“Аждаһаның аузында”, “Ұран”, т.б.). Патшаның тақтан құлауын қуана қарсы алып, “Тілекті берген күн” атты өлеңін шығарса, оның “Айшаға”, “Жамалға”, “Дауысың қалай асыл” атты өлеңдері махаббат, жастық тақырыбына арналған. Нарманбет 1918 жылы Қарқаралыда совдептің уездік судьясы болып қызмет істеп жүргенде ауырып қайтыс болған. Абай дәстүріндегі Нарманбет сол кездің өзінде белгілі ақын, әрі шешен болған. Абай үлгісінде көптеген өлеңдер, нақыл өлеңдер, нақыл сөздер жазып шығарған. Ақын шығармаларының таңдаулы үлгілері 1939 жылы жеке жинақ болып және 1939-1944 жылдардағы хрестоматияларда жарияланған.
Шығармалары
Шығармалары: "Нарманбеттің өлеңдері"], А., 1939; Нарманбет Орманбетұлы. Шығармалары, Қарағанды, 1998.
Халыққа тарихи таңдау заманы туғанда, дұрыс жол сілтеуге тырысты
Сілтемелер
- Отаршылдық
- Өлең
- Патриот
- Әдебиет
- Тарихи тұлғалар