Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Газ құбыры, магистральдық газ құбыры – жанғыш газдарды шығатын жерінен не өндірілетін орнынан алыс қашықтыққа (жүздеген және мыңдаған км-ге дейін) тасымалдауға

Газ құбыры

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Газ құбыры, магистральдық газ құбыры – жанғыш газдарды шығатын жерінен не өндірілетін орнынан алыс қашықтыққа (жүздеген және мыңдаған км-ге дейін) тасымалдауға арналған құрылыс.

Ол төселіп жүргізілуіне қарай:

  • жер асты газ құбыры
  • жер үсті газ құбыры
  • үйінді үстімен жүргізілген газ құбыры болып ажыратылады.

Газ құбыры кейбір жағдайда үлкен жыраларға салынған темір-бетон не металл эстакада арқылы немесе су қоймаларының түбімен де (дюкер деп аталатын) жүргізіледі. Магистральдық газ құбырының соңғы пунктіне газ үлестіру станциялары орналасады. Оларда газ қысымы тұтынушыларды газбен қамтамасыз ететін қажетті деңгейде төмендейді. Ірі қалалардың маңында жер асты газ қоймалары салынады. Газ тұтынуда жиі болып тұратын тәуліктік бірқалыпсыздық газгольдерлер арқылы реттеледі.


Қазақстан аумағында (әсіресе Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстары арқылы) Бұхара – Орал, Орта Азия – Мәскеу, Бұхара – Шымкент – Тараз – Бішкек – Алматы, Бейнеу – Александров Гай (Саратов облысы, Ресей), Бейнеу – Хиуа (Хорезм облысы, Өзбекстан), Прорва (Атырау облысы) – Атырау, Кеңқияқ (Ақтөбе облысы) – Орск (Орынбор облысы Ресей) газ тасымалдау газ құбырылары жүргізілген.

Жоғары