Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Жамбыл мұздығы – Жетісу (Жоңғар) Алатауының солтүстік беткейіндегі аңғарлық мұздық. Аңғардың басты бөлігін алып жатыр. Кіші Басқан өзенінің бастауында орналасқа

Жамбыл мұздығы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Жамбыл мұздығы
Сипаттамасы
ТүріТаулы мұздық
Ауданы11,2 км²
Ұзындығы6 км
Орналасуы
45°12′58″ с. е. 80°07′57″ ш. б. / 45.216° с. е. 80.1326° ш. б. / 45.216; 80.1326 (G) (O) (Я)Координаттар: 45°12′58″ с. е. 80°07′57″ ш. б. / 45.216° с. е. 80.1326° ш. б. / 45.216; 80.1326 (G) (O) (Я) (T)
Ел Қазақстан
АймақЖетісу облысы
Жамбыл мұздығы
Жамбыл мұздығы (Жетісу облысы)
Жамбыл мұздығы

Жамбыл мұздығы – Жетісу (Жоңғар) Алатауының солтүстік беткейіндегі аңғарлық мұздық. Аңғардың басты бөлігін алып жатыр. Кіші Басқан өзенінің бастауында орналасқан. Мұздықтың тілі 3120 м биіктікте бітеді. Фирн межесі 3600 м биіктікте өтеді.

Аумағы

Мұздықтың ұзындығы 6 км, ашық бөлігі 5,3 км, ауданы 11,2 км2. Екі тармаққа бөлінген мұздықтар солтүстікке қарай созылған жалпы мұздықтың тілін құрайды. Мұздық аумағы жылына орта есеппен 2,5 м-ге қысқаруда. 1947 жылы мұздыққа альпинистер көтеріліп, оған Жамбыл Жабаев есімі берілген.

Бақылау жұмыстарының жүргізілуі

1956 жылы ҚазКСР-і Ұлттық ғылым академиясының География секторының (1983 жылдан институт) экспедициясы бақылау жұмыстарын жүргізді (абляция ауданы тілінің беткі биіктігін, оның бітуін өлшеу, мұздың қозғалу жылдамдығын анықтау және т.б.). 1957 жылы, 1959 және 1962-1968 жылдары бақылау жұмыстары қайта жүргізілді. 1966 жылы фототеодолиттік түсіру арқылы толықтырылды.<

Жоғары