| Боқымаш Шоланұлы | |
| Туған күні | 1 қаңтар 1875 |
|---|---|
| Туған жері | Маңғыстау, Ресей Империясы |
| Қайтыс болған күні | 1 қаңтар 1931 (56 жас) |
| Қайтыс болған жері | Үстірт, Қазақ АКСР, КСРО |
| Шайқасы | Адай көтерілісі (1929–1932) |
Боқымаш Шоланұлы (1875, Маңғыстау өңірі, Үстірт – 1931) – Адай көтерілісі (1929–1932) басшыларының бірі.
Өмірбаяны
Боқымаш Шоланұлы 1875 жылы Маңғыстау өңірі, Үстіртте орта шаруаның отбасында дүниеге келген. Кеңес өкіметі оны байлар қатарына қосқан.
1920 жылдан бастап қуғынға салынды. Тәркілеуге ұшыратылды.
1930 жылдың аяғына дейін қазіргі Батыс Қазақстан облысы Жымпиты ауданы Жақсыбай деген жерде тұрған. Мұсылманша оқыған, елге абыройлы көшбасшы болған.
1931 жылы көктемінде Адай округінің теріскей бетінде жергілікті азаматтар бірнеше кеңес өткізіп, өкіметтің озбырлығына қарсылық көрсету керек деп шешеді.
1931 жылы наурыз айында Адай руының азаматтары Боқымаштыны хан ретінде көтерді. Төрт адамнан тұратын хан кеңесінің мүшелері, ханның орынбасары (Қарамырза Ембергенұлы), әскербасылар (Рахмет Әминұлы, Мамай Салғараұлы, Өзбек Ертөреұлы, Қазақ Шиненұлы, Асан Шынғалиұлы) тағайындалды. Қолға түскен Боқымаш, баласы Рахмет көтерілістің 15 басшысы қатарында атылды.
- Алфавит бойынша тұлғалар
- 1 қаңтарда туғандар
- 1875 жылы туғандар
- 1 қаңтарда қайтыс болғандар
- 1931 жылы қайтыс болғандар
- Маңғыстау облысында туғандар
- Ұлт-азаттық қозғалыстардың көсемдері
- КСРО-да бұйрықпен атылғандар