| Жәнібек Кәрменов | |
| |
| Негізгі ақпарат | |
|---|---|
| Толық аты | Жәнібек Кәрменұлы Кәрменов |
| Туған күні | 22 наурыз 1949 |
| Туған жері | Қарауыл ауылы, Абай ауданы, Шығыс Қазақстан облысы |
| Қайтыс болған күні | 22 маусым 1992 (43 жас) |
| Қайтыс болған жері | Алматы |
| Мемлекет | Қазақстан |
| Аспаптары | Домбыра |
Жәнібек Кәрменов (22 наурыз 1949 жылы, Қарауыл ауылы, Абай ауданы, Шығыс Қазақстан облысы – 22 маусым, 1992 жылы, Алматы) – әнші, жазушы, қазақ КСР-інің еңбек сіңірген артист (1990).
Өмірбаяны
Арғын тайпасының Тобықты руының Бөкенші бөлімінен шыққан.
Алматы эстрада-цирк өнері студиясының (қазіргі колледж) әншілік бөлімін (педагогы Ж.Елебеков), және Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. “Өнер” баспасында редактор, Алматы мемлекеттік консерваториясында халық әндері кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарды. Ол өзіндік ән орындаушылығымен ерекше көзге түсті, көптеген халық композиторларының шығарма өмірі мен мұрасын насихаттау және олардың ұмытылған ән мәтіндерін қалпына келтіру ісіне мол үлес қосты. Кезінде Қазақ радиосы мен телевизиясы арқылы халық әншілері мен әншілік дәстүр жайында хабарлар (А.Сейдімбекпен бірге) жүргізді.
«Ақылбайдың әні», «Махаббат әні», «Ғашықтың тілі» атты прозалық кітаптар, өнер адамдары туралы 200-ден астам мақалалар жазды. 1990 жылы «Өнер» баспасынан екі томдық «Халық әндері мен халық композиторларының әндері» атты жинағын шығарды.
Кәрменов «Толғау», «Шыңғыстауға арнау», «Бабалар», «Ағалар-ай», «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма?», т.б. әндердің авторы.
1984 жылы концерттік- орындаушылық, зерттеу қызметтері және жастар арасында халық өнерін насихаттаудағы жұмыстары үшін оған Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы берілді.
1996 жылы оның есімі Қарауыл ауылындағы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы) музыка мектебіне берілген.
Сілтемелер
- Кәрменов Жәнібек (1949 - 1992 жж.) 28 сәуірдің 2013 жылы.
- Кәрменов Жәнібек(қолжетпейтін сілтеме)
- Шаһ-Керім Кәрменов: «Әкемнің қара домбырасы иесіз емес» 5 қарашаның 2011 жылы.
- Жәнібек Кәрменов(қолжетпейтін сілтеме)
- 22 наурызда туғандар
- 1949 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Абай ауданында (Абай облысы) туғандар
- 22 маусымда қайтыс болғандар
- 1992 жылы қайтыс болғандар
- Алматыда қайтыс болғандар
- Алфавит бойынша музыканттар
- Қазақстан әншілері
- Қазақстан жазушылары
- Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері
- Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының иегерлері
