| Айгүл Қосанова | |
| Туған күні | 24 шілде 1974 (52 жас) |
|---|---|
| Туған жері | Маңғыстау облысы |
| Белсенділік жылдары | 1991 жылдан |
| Мемлекет |
|
| Мамандықтары | әнші |
| Аспаптары | домбыра |
| Жанрлары | халық әндері, дәстүрлі әндер, эстрада |
| Марапаттары | |
Айгүл Қосанова (1974 жылы 24 шілдеде Маңғыстау облысында туған) — дәстүрлі әнші, домбырашы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2010). Дарын мемлекеттік сыйлығының иегері (1999). Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры. ҚР мәдениет саласындағы президенті сыйлығының иегері.
Өмірбаяны
1974 жылы Маңғыстау облысында туған.
Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын домбырада халық әндерін орындау класы бойынша бітірген.
Қазіргі кезде Президент оркестрінің солисі болып жұмыс істейді, сондай-ақ, Жүсіпбек Елебеков атындағы Республикалық эстрадалық - цирктік колледжде дәріс береді. Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясы аспирантурасының негізгі бөлімінде оқиды. Израиль, АҚШ, Австрия, Германия, Түркия, Малайзия және әлемнің тағы басқа елдерінде өнерлік іссапарда болды.
Марапаттары
- Әміре Қашаубаев пен Ғарифолла Құрманғалиев атындағы Республикалық конкурстың І-ші сыйлығының лауреаты.
- 1999 - Дарын мемлекеттік сыйлығының лауреаты
- 2010 - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
- ҚР тұңғыш президентінің мәдениет саласындағы қоры сыйлығының иегері.
- 24 шілдеде туғандар
- 1974 жылы туғандар
- Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері
- Алфавит бойынша музыканттар
- Қазақстан әншілері
- Қарақия ауданында туғандар
- Дарын мемлекеттік сыйлығының иегерлері
- Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы түлектері
- Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы оқытушылары
- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры сыйлығының лауреаттары
