Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Шафи Гольдвассер (ағылш. Shafi Goldwasser, ивр. שפרירה גולדווסר‎ (שפי); 1958 ж.т.) — израильдік-америкалық ғалым, есептеуіш техника облысындағы зерттеуші, 2012

Шафи Гольдвассер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Шафрира (Шафи) Гольдвассер
Shafi Goldwasser (שפרירה גולדווסר)
Туған күні

1958 (1958)

Туған жері

Нью-Йорк

Азаматтығы

 АҚШ,  Израиль

Ғылыми аясы

информатика, есептеуіш техника

Жұмыс орны

Массачусетс технологиялық институты, Вейцман институты

Альма-матер

Калифорния университеті, Беркли

Ғылыми жетекші

Мануэль Блюм

Сайты

http://people.csail.mit.edu/shafi

Шафрира (Шафи) Гольдвассер Ортаққорда

Шафи Гольдвассер (ағылш. Shafi Goldwasser, ивр. שפרירה גולדווסר‎ (שפי); 1958 ж.т.) — израильдік-америкалық ғалым, есептеуіш техника облысындағы зерттеуші, 2012 жылдың Тьюринг сыйлығының лауреаты. Массачусетс технологиялық институтында электротехника және Вейцман институтында математика профессоры .

АҚШ Ұлттық ғылым академиясының (2004), АҚШ ұлттық инженерлік академиясының (2005), және Ресей ғылымдар академиясының шетелдік мүшесі (2016).

Жастық шағы және білімі

Шафи Гольдвассер Америка Құрама Штаттарының Нью-Йорк қаласында дүниеге келген. 1979 жылы математикадан бакалавр деңгейін Карнеги Меллон университетінде аяқтады. 1981 жылы Беркли қаласындағы Калифорния университетінде Мануэль Блюмның қарамағында есептеуіш техника саласынан магистр дәрежесі (Master of Science) мен 1984 жылы PhD-доктор дәрежесін алды.

Мансабы

1983 жылы Гольдвассер Массачусетс технологиялық институтында оқытушылық қызметіне қадам басады. 1993 жылдан бастап MIT-тағы профессорлығымен қатарлас Вейцман ғылым институтының профессоры атанып келеді. Ол MIT есептеуіш техника және жасанды интеллект зертханасында (MIT Computer Science and Artificial Intelligence Laboratory) есептеу тобының мүшесі. 2018 жылдың 1 қаңтарында Гольдвассер Берклидегі Калифорния университетінің Есептеу техникасының теориясы үшін Симонс институтының (Simons Institute for the Theory of Computing) директоры болып тағайындалды.

Гольдвассердің зерттеу бағыттары есептеудің күрделілік теориясын, криптографияны және есептеуіш сандар теориясын қамтиды.

Марапаттары

  • 2017 — ACM Fellow
  • 2017 — BBVA Foundation Frontiers of Knowledge Award
  • 2017 — Бар-Илан атындағы университеттің құрметті докторы.
  • 2016 — Хайф университетінің құрметті докторы.
  • 2012 — Тьюринг сыйлығы.
  • 2011 — Эмануэль Пиор премия
  • 2010 — Бенджамин Франклин медалі
  • 2001 — Гёдель премиясы
  • 1996 — Грейс Мюррей Хоппер атындағы премия
  • 1993 — Гёдель премиясы

Шафи Гольдвассер Сильвио Микалимен бірге криптография саласындағы жұмыстары үшін 2012 жылы Тьюринг премиясымен марапатталды. Гольдвассер теориялық есептеуіш техника ғылымы бойынша Гёдель сыйлығын екі рет жеңіп алды: алдымен 1993 жылы және 2001 жылы.

Жоғары