Киікбай Әлібекұлы (шамамен 1728, Ырғыз өңірі – 1798, сонда) – батыр.
Кіші жүздің Шөмекей руы Бозғыл (Бозғұл) бұтағынан шыққан.
Киікбай батырдың есімі 1743 ж. мұрағат құжаттарында кездеседі. Онда Киікбайдың жасауыл шенінде болғаны айтылады. 1744 ж. Киікбай Қотыр батырмен бірге Ресей империясының саясатына өз пікірлерін білдірсе, 1749 ж. 4 қаңтарында Әбілқайырдың баласы Ерәлі сұлтанға қарсылық танытып, Ресей патшасына хат жазғандардың қатарында болған. Киікбай батыр, Қанжығалы Бөгембай, Қаракерей Қабанбай батырлармен бірге Абылайды хан сайлауға қатысқан. Ә.Кекілбаевтың “Үркер”, “Елең-алаң” романдарында Киікбай батыр тұлғасы сомдалған.
Шежіре: Киікбай-Әлібек-Қалақ-Шобдар-Бекет-Сейін (Желдер)-Келдібай-Бозғұл-Шомекей
- Тұлғалар