Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Құныт (араб.: قُنُوت‎) — қысқа дұға.Ханафи мазһабында құныт үтір намазының 3-рәкәғатында, рукуғқа дейін оқылады. Басқа сунниттік мазһабтарда (ханбали, шафиғи жә

Құныт дұғасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Құныт (араб.: قُنُوت‎) — қысқа дұға.Ханафи мазһабында құныт үтір намазының 3-рәкәғатында, рукуғқа дейін оқылады. Басқа сунниттік мазһабтарда (ханбали, шафиғи және мәлики) құныт таң намазының (фәжр) 2-рәкәғатында рукуғтан кейін оқылады. Ибадиттер құныт оқымайды.

Мәтін

Арабша мәтін:
  1. اَللَّهُمَّ إِنَّا نَسْتَعِينُكَ وَ نَسْتَغْفِرُكَ وَ نَسْتَهْدِيكَ وَ نُؤْمِنُ بِكَ وَ نَتُوبُ اِلَيْكَ وَ نَتَوَكَّلُ عَلَيْكَ وَ نُثْنِى عَلَيْكَ اْلخَيْرَ كُلَّهُ نَشْكُرُكَ وَ لاَ نَكْفُرُكَ وَ نَخْلَعُ وَ نَتْرُكُ مَنْ يَفْجُرُكَ
  2. اَللَّهُمَّ اِيَّاكَ نَعْبُدُ وَلَكَ نُصَلِّى وَنَسْجُدُ وَاِلَيْكَ نَسْعَى وَنَحْفِدُ نَرْجُو رَحْمَتَكَ وَنَخْشَى عَذَابَكَ اِنَّ عَذَابَكَ بِالْكُفَّارِ مُلْحِقٌ

Аударма:
  1. Я, Алла! Біз Сенен жәрдем, кешірім тілеп, Сенен тура жол сұраймыз. Саған иман етіп, күнәміз үшін тәубе етіп, Саған сүйенеміз. Сені барлық жақсылықтармен мадақтап, зікір етеміз. Бізге берген ырыс-берекеңе шүкір етеміз. Сені теріске шығармаймыз. Саған қарсы келгендерді теріске шығарып, олармен байланысымызды үземіз. Я, Алла! Біз Саған ғана құлшылық етіп, Сен үшін намаз оқып, Саған сәжде етеміз. Саған лайық құл болып, Сенің ризалығыңды алу үшін жігерленіп, алға ұмтыламыз. Сенің рақымыңнан үміттеніп, азабыңнан қорқамыз. Күмәнсіз, Сенің азабың кәпірлерге тән.
Жоғары