| Марко Верратти | ||||||||||||||||
| | ||||||||||||||||
| Жалпы мағлұмат | ||||||||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| Туған күні | 5 қараша 1992 (33 жас) | |||||||||||||||
| Туған жері | Пескара, Италия | |||||||||||||||
| Азаматтығы |
| |||||||||||||||
| Бойы | 165 | |||||||||||||||
| Салмағы | 60 | |||||||||||||||
| Позиция | жартылай қорғаушы | |||||||||||||||
| Клуб жайлы ақпарат | ||||||||||||||||
| Клуб | ||||||||||||||||
| Номері | 6 | |||||||||||||||
| ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Марко Верратти (итал. Marco Verratti; 5 қараша 1992, Пескара, Италия) — Италия Ұлттық футбол құрамасы мен «Пари Сен-Жермен» клубының жартылай қорғаушысы, италяндық футболист.
Клубтық мансабы
Пескарада дуниеге келген, ЛАкуиледе өскен. Кішкентай кезінде "Ювентустың" жанкүйері болған, өз кумирі ретінде Алессандро Дель Пьероны санаған. Вераттидің таланты жас кезінен танылған, тіпті жасөсіпірім кезінде оған "Атланта" және "Интернационал" клубтарынан шақырту түсірілген, дегенмен Марко өзінің туған "Пескарасын" таңдаған. 16 жасқа дейінгі бірінші маусымдағы сәтті ойынынан кейін "Милан" оған 300 мың еуро ұсынған, бірақ футболист бас тартқан.
Пескара
Верратти — техникалық жағынан дарынды плеймейкер, "Пескараның" жастарға арналған жүйесінде тәрбиеленген, 2008—2009 жылдың сезонында 16 жасында клуб атынан дебют жасады. 2009—2010 жылда Марко бұрынғыдан қарағанда жиірек және тұрақты түрде дебют жасады, және содан бері өз командасының ең маңызды ойыншыларының бірі атанды.
Пари Сен-Жермен
2012 жылы 18 шілдеде "Пари Сен-Жерменге" ауысып, бес жылдық келісім шарт жасасты, трансфердің құны 12 миллион еуро. 11 тамыз күні тұңғыш ойынын "Лорьянға" қарсы өткізді. 18 қыркүйек күні "Динамоға" (Киев) қарсы Чемпиондар Лигасындағы тұңғыш ойынын өткізді.
2019 жылы тағы да бес жылдық келісім шарт жасасты.
Жетістіктері
Командалық
«Пескара»
- Б сериясының жеңімпазы: 2011/12
«Пари Сен-Жермен»
- Франция чемпионы (6): 2012/13, 2013/14, 2014/15, 2015/16, 2017/18, 2018/19
- Франция суперкубогы (6): 2013, 2014,2015, 2016, 2017, 2018, 2019
- Лига кубогы (5): 2013/14, 2014/15, 2015/16, 2016/17, 2017/18
- Франция кубогы (4): 2014/15, 2015/16, 2016/17, 2017/18
Италия
- Еуропа чемпионы: 2021
Сілтемелер
- 5 қарашада туғандар
- 1992 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Пескарада туғандар
- Алфавит бойынша футболшылар
- Пари Сен-Жермен ФК ойыншылары
- Италия футболшылары
- Италия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары
- Футболдан Еуропа чемпиондары