Еңбек жағдайы — еңбек үдерісінде адамның денсаулығы мен жұмыс істеу қабілетіне әсер ететін өндірістік орта факторларының жиынтығы. Еңбек жағдайын құрайтын факторлардың мынадай негізгі топтары бар: санитарлық-гигиеналық факторлар — зиянды химиялық заттар, өндірістік шуыл, шаң-тозаң, діріл, электр-магниттік өpic пен электр өрісі, сәуле (ионданушы, лазерлік, ультракүлгін), өндірістік үй-жайдағы микроклимат, жарық, т.б.;психологиялық-физиологиялық факторлар — ауысымдағы тұрақты жүктеме, көтеретін жүктің бір жолғы шамасы, жұмыс қарқыны, зейінге түсетін күш, бір сарындылық, жүйке-сезімге түсетін күш, жайсыздық, ауысымдылық, т.б.; эстетикалық факторлaр — үй-жайдын, жабдықтың, арнаулы киім-кешек пен аяқкиімнің сәндік-көркемдік тұрғыдан безендірілуі, жарық-түс композициясының үйлесімі, т.б. Бұл орайда өндірістік фактордың рұқсат етілген шекті деңгейіне, қауіпті деңгейіне және зиянды деңгейіне ажыратылады.
- Экономика
- Қаржы