Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Ресми тіл — заң, сот, оқу, т.б. ресми кеңсе қызметінде мемлекеттік тілмен қатар қолданылатын негізгі тілдердің бірі. Әдетте, көп ұлтты елдердің конституцияларын

Ресми тіл

  • Басты бет
  • Ресми тіл

Ресми тіл — заң, сот, оқу, т.б. ресми кеңсе қызметінде мемлекеттік тілмен қатар қолданылатын негізгі тілдердің бірі. Әдетте, көп ұлтты елдердің конституцияларында кейбір тілге ресми мәртебе берілгені белгіленіп отырады.

  • Мысалы, Испания конституциясында (1978) кастиль наречиесі Ресми тіл ретінде қабылданған, сонымен қатар испан тілінің басқа да наречиелері автон. аймақтарда Ресми тіл деп жарияланған. Кей елдерде (Азия, Африка) жергілікті ұлт тілімен қатар бұрынғы метрополия тілдері де (ағылшын, француз, т.б.) ресми тіл болып қабылданған (Үндістан). Еуропа елдері, АҚШ, Жапония, Түркия, Ресей секілді мемлекеттерде Ресми тіл мен мемл. тіл ұғымдары бір-біріне сәйкес келіп, ауысып қолданыла береді. Кей елдерде бұл ұғымдарға жеке түсініктер беріліп, дараланған, мұндай жағдайда Ресми тілдің мемл. тілден айырмашылығы:
  1. мемлекеттік тіл конституция бойынша мемлекеттің қамқорлығында болады;
  2. мемлекеттік тілді меңгеру мектепке дейінгі оқу-тәрбие мекемелерінде, орта, арнайы және жоғары білім беретін оқу орындарында міндетті деп саналады;
  3. мемлекеттік тіл — сол елдің мемлекет, қоғамдық, саяси, экономика, әлеум. аяларында кеңінен қолданылатын басты тіл. Ресми тілдің қолданылу аясы мемл. тілге қарағанда тар, функционалды рөлі ерекше көрсетілмейді. Сондай-ақ Ресми тіл кейбір ұлт-ұлыстардың бір аймақта шоғырланып өмір сүруіне байланысты белгіленуі мүмкін.

Сілтемелер

  • Мемлекеттік тіл саясаты
  Бұл — мақаланың бастамасы.
Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.

Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 13, 2026

    Ғаламшар

  • Наурыз 29, 2026

    Жапырақ

  • Наурыз 12, 2026

    Табиғат

  • Сәуір 04, 2026

    Нысанбай жырау

  • Наурыз 11, 2026

    Топырақ

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары