| Саломе Зурабишвили სალომე ზურაბიშვილი | ||||
Зурабишвили, 2024 жыл | ||||
| Лауазымы | ||||
|---|---|---|---|---|
| ||||
| 16 желтоқсан 2018 — Таласты | ||||
| Ізашары | Георгий Маргвелашвили | |||
| Ізбасары | Михаил Кавелашвили (таласты) | |||
| ||||
| 20 наурыз 2004 — 18 қазан 2005 | ||||
| Президент | Михаил Саакашвили | |||
| Ізашары | Тедо Джапаридзе | |||
| Ізбасары | Гела Бежуашвили | |||
| ||||
| 18 қараша 2016 — 22 желтоқсан 2018 | ||||
| ||||
| 11 қыркүйек 2003 — 20 наурыз 2004 | ||||
| Президент | Жак Ширак | |||
| Ізашары | Мирей Муссо | |||
| Ізбасары | Филипп Лефор | |||
| Өмірбаяны | ||||
| Партиясы | Грузия жолы | |||
| Білімі |
| |||
| Мамандығы | Дипломат | |||
| Діні | Православие | |||
| Дүниеге келуі | 18 наурыз 1952 (74 жас) Париж, Франция | |||
| Әкесі | Леван Зурабишвили | |||
| Анасы | Зейнаб Кедиа | |||
| Жұбайы |
| |||
| Балалары | 2 | |||
| Сайты | salome.ge | |||
| Саломе Зурабишвили Ортаққорда | ||||
| өңдеу | ||||
Саломе Нино Зурабишвили (18 наурыз 1952 жыл, Париж) — франциялық туған грузиялық саясаткер және бұрынғы дипломат, 5-Грузия президенті, лауазымдағы тұңғыш әйел. 2024 жылы күшке енген конституциялық өзгерістер нәтижесінде ол — тікелей сайланған елдің соңғы президенті.
Зурабишвили Парижде, грузиялық саяси босқындар отбасында дүниеге келген. 1970 жылдары ол Франция дипломатиялық қызметіне жұмыс істейтін болды, үш онжылдық бойы ол жерде түрлі лауазымдарға ие болды. 2003 жылдан 2004 жылға дейін ол Францияның Грузиядағы елшісі болды. 2004 жылғы Франция және Грузия президенттерінің ортақ келісімі бойынша ол Грузия азаматтығын алды да, Грузия Сыртқы істер министрі болып тағайындалды. Министрліктегі қызметі кезінде ол Грузия мемлекетінің даулы емес бөліктерінен ресейлік күштердің шығуына әкелген шартты келіссөздер жүргізді.
Грузияның сол кезде билікте болған Біртұтас ұлттық қозғалысымен келіспеушіліктен 2006 жылы Зурабишвили өз саяси партиясын құрды, оған 2010 жылға дейін басшылық етті. 2016 жылы ол партиясыз үміткер ретінде Грузия парламентіне сайланды. 2018 жылы ол президенттікке үміткерлігін ұсынды да, Григол Вашадзеге қарсы жеңді. Сайлауалды кампаниясы кезінде Зурабишвилині Грузин арманы билік партиясы қолдады; алайда 2020–2021 жылдардағы саяси дағдарыстан кейін Зурабишвили үкіметтен алшақтады да, 2023–2024 жылдардағы наразылық шараларынан кейін екеудің арасындағы қатынастар мүлдем нашарлады. Институтаралық қақтығыс себебінен 2023 жылғы қыркүйекте үкімет Зурабишвилиге импичмент жасамақ болды, алайда импичмент әрекеті сәтсіз болды. Зурабишвилидің ізбасары болып 2024 жылы Михаил Кавелашвили сайланғанда бұл өзгерісті бәрі де мойындамай қойды, Зурабишвили мен оның қолдаушылары оны әлі де заңды президент деп мойындайды.
Ескертпелер
- Президенттік 2024 жылғы 29 желтоқсаннан бері Зурабишвили мен Михаил Кавелашвили арасында таласты. Грузия мемлекеттік органдары Зурабишвили мерзімінің аяқталғанын айтады, алайда үкіметке наразылар және халықаралық қауымдастық бір бөлігі Кавелашвили сайлануын мойындамайды.
- груз. სალომე ზურაბიშვილი, [saɫome zuɾabiʃʷili]; фр. Salomé Nino Zourabichvili, [salɔme zuʁabiʃvili]
- 18 наурызда туғандар
- 1952 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Парижде туғандар
- Құрмет легионы орденінің иегерлері
- Италия Республикасы алдындағы қызметі үшін ордені тізбегіндегі үлкен крестінің иегерлері
- Грузия президенттері
- Саясаттағы Грузия әйелдері
- Президент әйелдер




