Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Джозуэ Кардуччи (1835 жыл 27 шілде, Вальдикастелло, Тоскана - 1907 жыл 16 ақпан, Болонья) - итальян ақыны, әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты.

Джозуэ Кардуччи

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Джозуэ Кардуччи
итал. Giosuè Carducci

Giosuè Carducci (1835-1907)
Туған күні

27 шілде 1835 (1835-07-27)

Туған жері

Пьетрасанта, Тоскана, Италия

Қайтыс болған күні

16 ақпан 1907 (1907-02-16)(71 жас)

Қайтыс болған жері

Болонья, Италия

Азаматтығы

 Италия

Мансабы

жазушы, журналист, саясаткер

Шығармалардың тілі

итальян тілі

Марапаттары

Нобель сыйлығыӘдебиет саласында Нобель сыйлығы (1906)

Қолтаңбасы

Қолтаңбасы

Ортаққордағы санаты: Джозуэ Кардуччи

Джозуэ Кардуччи (1835 жыл 27 шілде, Вальдикастелло, Тоскана - 1907 жыл 16 ақпан, Болонья) - итальян ақыны, әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты.

Өмірі

Пизеде жоғары мектепті бітіріп, Болонья университетінде итальян әдебиетінен сабақ берді. «Жастық жырлары» (1850-1860) атты бірінші жинағында ұлт-азаттық қозғалысын дәріптеді. «Жеңіл және маңызды нәрсе» (1861-1867), «Ямбылар мен эподтар» (1867-1879), «Жаңа жырлар» (1861-1887), «Ырғақтар мен өлшемдер» (1901) жинақтарында ерлікті, дінді жеңген ой-сананы, жастық пен махаббатты, әсем табиғатты жырлады. Данте Алигьери, Петрарка және Джованни Боккаччо жөніндегі еңбегін, «Ұлт әдебиетінің дамуы туралы» (1868-1871) т.б. зерттеулерін жариялады. 1906 жылы Нобель сыйлығын алды.

Жоғары