| Махершала Әли | |
| Mahershala Ali | |
| Әли, 2019 жыл | |
| Жалпы мағлұмат | |
|---|---|
| Туған кездегі есімі | Махершалалхашбаз Гилмор |
| Туған күні | 16 ақпан 1974 (52 жас) |
| Туған жері | Окленд, Калифорния, АҚШ |
| Азаматтығы |
|
| Мамандығы | актёр, рэпер |
| Белсенді жылдары | 2001 жылдан бері |
| Марапаттары | Оскар (2017, 2019) |
| IMDb | |
Махершала Әли (ағылш. Mahershala Ali; туғанында Махершалалхашбаз Гилмор; 16 ақпан 1974 жыл, Окленд, Калифорния) — америкалық актёр, рэпер. Ол бірнеше жүлде иегері, олардың ішінде: екі Оскар сыйлығы мен бір Алтын глобус. Time журналы Әлиді 2019 жылдағы «Әлемдегі 100 ең ықпалды адам» тізіміне қосты.
Нью-Йорк университетінде бейнелеу өнері магистрі дәрежесін меңгергеннен кейін Әли еңбек жолын «Crossing Jordan» (2001–2002) және «Threat Matrix» (2003–2004) сияқты сериалдарда тұрақты рөлдер ойнаудан бастап, кейін ғылыми фантастикалық «The 4400» (2004–2007) сериалындағы Ричард Тайлер рөлімен көзге түседі. Оның жарық көрген алғашқы үлкен фильмі Дэвид Финчер түсірген «Бенджамин Баттонның қызық оқиғасы» (2008) фантастикасы болатын. Ол кейін Netflix-тің «Картадан тұрғызылған үй» (2013–2019) саяси триллер сериалындағы екінші пландағы рөлімен, «Аштық ойындары» фильмдер сериясының соңғы екі фильмінде Боггс рөлімен және «Luke Cage» (2016) сериалындағы Корнелл Стокс рөлімен көпшілік назарына ілікті.
Әли Барри Дженкинстің «Ай сәулесі» драмасындағы Хуан рөлі үшін екінші пландағы үздік актер номинациясы бойынша Оскар жүлдесін алды. Ол «Жасыл кітап» (2018) драмасындағы Дон Ширлиді сомдағаны үшін екінші Оскар сыйлығын және «Алтын глобуста» екінші пландағы үздік актер жүлдесін жеңіп алды. Осы жағдайдан кейін ол бір категорияда екі рет Оскар сыйлығын жеңіп алған алғашқы қара нәсілді актер болып тарихқа енді. 2019 жылы ол «Нағыз детектив» (ағылш. True Detective) деп аталатын HBO антологиялық қылмыс сериалының үшінші маусымында басы бәлеге қалған полиция қызметкері болып ойнады. 2020 жылы ол Hulu сервисі жасап жатқан «Ramy» комедия-драмалық сериалының екінші маусымында актерлік құрамға енді.
Өмірбаяны және білімі
Махершалхашбаз Гилмор 1974 жылы Калифорния штатының Окленд қаласында дүниеге келді. Ол Филипп Гилмор (1956–1994) мен Уиллисия Гоинздің (1957 жылы туған) ұлы. Ол Калифорниядағы Хэйворд қаласында анасының қолында христиан болып өсті, шешесі баптист министрі болған. Оның әкесі Бродвейде өнер көрсеткен актер болды. Махер-шалал-хаш-баз - бұл Інжілдегі Ишая кітабының 8-тарауындағы пайғамбар баласының есімі.
Ол Калифорнияның Морага қаласындағы Сент Мэри колледжіне (SMC) оқуға түсіп, оны 1996 жылы бұқаралық байланыс мамандығы бойынша тәмамдады. Кейін Spunk спектакліне қатысқаннан кейін актерлікке қызығушылығы артады. Бұл кейінірек оның Калифорния Шекспир театрында оқу бітіргеннен кейін тағылымдамадан өтуіне себепкер болады. Gavin Report-та бір жыл жұмыс істегеннен кейін, ол Нью-Йорк университетінің Тищ өнер мектебінде актерлік бағдарламасына оқуға түсіп, 2000 жылы магистр дәрежесін алды.
2000 жылы ол ислам дінін қабылдап, фамилиясын Гилмордан Әлиге ауыстырып, Ахмадия жамағатына қосылды. Сұхбаттарында ол 11 қыркүйек шабуылдарынан кейін америкалық мұсылман ретінде әуежайларда, банктерде және басқаша да күнделікті өмірде кездестірген көптеген проблемалары туралы айтып берді.
Мансабы
Актерлік

Ол Netflix-тің «Картадан тұрғызылған үй» сериалындағы Реми Дэнтон рөлімен, «Luke Cage» сериалындағы Корнелл Стокс, «Аштық ойындары: Құйқылжық торғай - 1 бөлім» және «Аштық ойындары: Құйқылжық торғай - 2 бөлім» фильмдеріндегі полковник Боггс рөлімен, сондай-ақ 2008 жылғы Бенджамин «Баттонның қызық оқиғасы» фильміндегі Тиззи бейнелерімен танымал.
«Ай сәулесі» (2016) драмасындағы тәлімгер және есірткі дилері Хуан рөлі үшін Әли сыншылардың бірыңғай ықыласына ие болып, екінші пландағы үздік актер номинациясы бойынша Оскар сыйлығын, «SAG» сыйлығы және «сыншылардың екінші пландағы үздік актер таңдауын» және «Алтын глобус» пен BAFTA марапаттарын ұтып алды. 89-Оскар киножүлдесіндегі жеңісі арқылы ол Оскарға ие болған алғашқы мұсылман актері ретінде тарихқа енді.
Ол 2018 жылғы «Жасыл кітап» фильмінде Дон Ширлиді сомдап, екінші пландағы үздік актер номинациясын жеңу арқылы екінші Оскар сыйлығын алды. Осы рөлі үшін ол 2019 жылы «Алтын глобустың» екінші пландағы үздік актер сыйлығын, сондай-ақ екінші пландағы үздік актер номинациясында BAFTA сыйлығын алды.
Әли Арканзас штатындағы полиция детективі Уэйн Хейс рөлімен HBO-дың «Нағыз детектив» (True Detective) сериалының үшінші маусымында басты рөлде ойнайды. Маусым АҚШ-та 2019 жылғы 13 қаңтарда шықты.

2019 жылғы шілдеде жыл сайынғы Сан Диего Comic-Con фестивалінде Әлидің тылсым суперқаһарман Блэйдті болашақтағы Marvel адаптациясында сомдайтыны жарияланды. Бұған дейін Блэйд рөлін Уэсли Снайпс сомдаған еді.
Музыка
Әли 2000 жылдардың соңында Bay Area компаниясының Hieroglyphics Imperium жазба белгісімен шартқа отырып, Prince Ali деген лақап атпен рэп музыкасын жазды. Ол өзінің Curb Side Service альбомын 2007 жылы шығарды, бірақ альбомды насихаттау үшін гастрольге шықпады, оның орнына актерлік карьерасына көңіл бөлуді таңдады.
Жеке өмірі
Әли — Ахмади мұсылман. Ол өз мысығын рэпердің атымен Нас деп атады. Ол актриса және музыкант Аматус Сами-Каримге үйленген. Олардың тұңғышы, қызы, 2017 жылы дүниеге келді.
Дискографиясы
Студиялық альбомдары
- Curb Side Service (2007)
Фильмографиясы
Әли фильмдерінің толық емес тізімі:
Фильмдер
| Жыл | Атауы | Рөл | Ескертпелер |
|---|---|---|---|
| 2003 | Making Revolution | Maк Ласлоу | |
| 2008 | Umi's Heart | Езра | Қысқа фильм |
| Бенджамин Баттонның қызық оқиғасы | Тиззи Уэзерс | ||
| 2009 | Crossing Over | Детектив Стрикланд | |
| 2010 | Predators | Момбаса | |
| 2012 | The Place Beyond the Pines | Кофи Канкам | |
| 2013 | Go for Sisters | Дез | |
| 2014 | Supremacy | Көмекші Риверс | |
| Аштық ойындары: Құйқылжық торғай - 1 бөлім | Боггс | ||
| 2015 | Аштық ойындары: Құйқылжық торғай - 2 бөлім | ||
| 2016 | Kicks | Марлон | |
| Gubagude Ko | Очоро | Қысқа фильм | |
| Free State of Jones | Моузес Уошингтон | ||
| The Realest Real | Министр | Қысқа фильм | |
| Ай сәулесі | Хуан | ||
| Жасырын фигуралар | Джим Джонсон | ||
| 2017 | Roxanne Roxanne | Кросс | |
| 2018 | Жасыл кітап | Дон Ширли | |
| Spider-Man: Into the Spider-Verse | Аарон Дэвис / Проулер (дауыс) | ||
| 2019 | Alita: Battle Angel | Вектор |
Сериалдар
| Жыл | Атауы | Рөл | Ескертпелер |
|---|---|---|---|
| 2001–2002 | Crossing Jordan | Доктор Три Сандерс | 19 серия |
| 2002 | Haunted | Алекс Далкур | «Эбби» сериясы |
| NYPD Blue | Рашард Коулман | «Das Boots» сериясы | |
| 2003 | CSI: Қылмыстарды тергеу | Қабірлердің күзетшісі | «Lucky Strike» сериясы |
| The Handler | «Big Stones» сериясы | ||
| 2003–2004 | Threat Matrix | Джелани Харпер | 15 серия |
| 2004–2007 | The 4400 | Ричард Тайлер | 28 серия |
| 2009 | Lie to Me | Детектив Дон Хьюз | «Do No Harm» сериясы |
| Law & Order: Special Victims Unit | Марк Фостер | «Unstable» сериясы | |
| 2010 | The Wronged Man | Калвин Уиллис | Телевизиялық фильм |
| All Signs of Death | Гэбе | Сатылмаған ТВ пилот сериясы | |
| 2011 | Lights Out | Дэт Роу Рейнольдс | «Unaired Pilot» сериясы |
| 2011–2012 | Treme | Энтони Кинг | 6 серия |
| Alphas | Нейтан Клэй | 12 серия | |
| 2012 | Alcatraz | Кларенс Монтгомери | «Кларенс Монтгомери» сериясы |
| 2013–2016 | Картадан тұрғызылған үй | Реми Дэнтон | 33 серия |
| 2016 | Luke Cage | Корнелл «Коттонмаут» Стокс | 6 серия |
| 2017 | Comrade Detective | Коуч (дауыс) | «Two Films for One Ticket» сериясы |
| 2018 | Room 104 | Франко | «Shark» сериясы |
| 2019 | Нағыз детектив | Уэйн Хейс | 8 серия |
| 2020 | Race for the White House | Баяндаушы | |
| Ramy | Шейх Әли | ||
| Invincible | Титан (дауыс) |
- 16 ақпанда туғандар
- 1974 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Калифорнияда туғандар
- Алфавит бойынша актерлер
- АҚШ актерлері
- АҚШ телевизия актерлері
- BAFTA марапаты иегерлері
- Үздік қолдаушы актер үшін Оскар сыйлығының иегерлері