Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Металдық байланыс деп электрстатикалық тартылу нәтижесінде металл иондарының және жалпыланған электрондар арасындағы түзілетін химиялық байланысты айтады.

Металдық байланыс

  • Басты бет
  • Металдық байланыс

Металдық байланыс деп электрстатикалық тартылу нәтижесінде металл иондарының және жалпыланған электрондар арасындағы түзілетін химиялық байланысты айтады.

Сілтілік металлдың кристаллында иондардың орналасуы

Негізгі қасиеттері

 
Сілтілік металының кристалдық торы дəнекерлік буыны

Металл атомының электрондық құрылысына назар аударатын болсақ, сыртқы қабатындағы электрондардың саны салыстырмалы түрде көп екенін көреміз. Оның үстіне сыртқы электрондары атом ядросына әлсіз тартылатындықтан металдардың иондану энергиясы төмен болады. Сондықтан металл атомдары бір бірімен қосылғанда сыртқы электрондары атомнан бөлініп бос электрон газын түзеді. Ондағы электрондар топтаса орналасқан. Пайда болған металл иондары кристал тордың оң зарядты металл иондарымен берік тартылып тұрады. Металл атомдарының осылай байланысуын металдық байланыс деп атайды.

Металдық байланыс бір қарағанда ковалентті байланысқа ұқсас, екеуі де электрондар түзеді. Бірақ ковалентті байланыс тек кей атом арасында жұп электрон арқылы пайда болса, металдық байланыста ортақ электрон газы металл атомдарының бәрін бірдей берік ұстайды. Сондықтан ковалентті байланыс арқылы түзілген заттар жұмсақ, иілгіш, созылғыш болып келеді. Металлдардың барлық қасиеттері осы металдық байланыстың ерекшелігімен түсіндіріледі.

Жалпы кристалды торға ортақ күшті делокалданған электрондар саны әр металда әртүрлі болады, олардың санының өсуі периодтық кестенің I тобынан бастап IV-VI топтарға дейін жалғасады. Делокалданған электрондар саны неғұрлым көп болса, металдың балқу мен қайнау температурасы соғұрлым жоғары болады. Мысалы, сілтілік металдардың кристалдық торы- көлемі центрленген торлар және оларда делокалданған электрондар саны өте аз. Сондықтан сілтілік металдардың балқу температурасы өте аз, мысалы: Na-98C, K-63C, Ал тура сондай кристалдық тор құрылымын иеленген вольфрамның кристалдық торында олардың саны өте көп, сондықтан ол 3410 C балқу температурасына ие.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 19, 2026

    Қыз Жібек

  • Сәуір 05, 2026

    Ресми тіл

  • Сәуір 05, 2026

    Қайып Айнабеков

  • Сәуір 04, 2026

    Мұхаммед пайғамбар

  • Наурыз 11, 2026

    Мұхаммед

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары