| Франсиско Варальо | |||||||||||||||||||
| Жалпы мағлұмат | |||||||||||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| Туған күні | 5 ақпан 1910 | ||||||||||||||||||
| Туған жері | Ла-Плата, Аргентина, | ||||||||||||||||||
| Қайтыс болған күні | 30 тамыз 2010 (100 жас) | ||||||||||||||||||
| Азаматтығы |
| ||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||
Франсиско Антонио Варальо (ис. Francisco Antonio Varallo; 5 ақпан 1910, Ла-Плата, Аргентина — 30 тамыз 2010, Ла-Плата), аргентиналық футболшы, бапкер. 1930 жылғы әлем чемпионатының ең жас ойыншысы.
Өмірбаяны
1928 жылы 18 жасар Варальо "Химнастия Ла Плата" сапында ойнай бастады. Әуелі қорғаушы боп алаңға шығып жүрді. Кеін ортаға ауысты да, соңында шабуылда ойнайтын болды.
Футболдағы өмірінің көбі "Бока-Хуниорс" клубында өткен. 1930-37 жылдары Аргентина құрамасында өнер көрсеткен. Құрама сапында 11 ойын өткізіп, 3 гол соққан. Варалло 1931 жылғы маусымның басында Бока Хуниорсқа ауысты. Ол клубта тоғыз жыл бойы ойнады, сол аралықта ол 1931, 1934 және 1935 жылдары үш рет чемпион атанды, сондай-ақ, ол 1933 жылы 34 гол соғып, үздік мерген атанды.
1930 жылы әлем чемпионатына қатысқан футболшылардың арасында ең соңғысы боп өмірден өткен футболшы. 2010 жылы 100 жасында қайтыс болған. Ол қайтыс болғаннан кейін, оның бұрынғы клубтары, "Химнасия" және "Бока Хуниорс" күні аза тұту туралы жариялады, ал келесі аптада "Копа Судамериканың" барлық матчында бір минуттық үнсіздік жариялады.
Жетістіктері
- Аргентина чемпионы (3): 1931, 1934, 1935
- Кәсіби емес деңгейдегі Аргентина чемпионы: 1929
- Әлем чемпионатының күміс жүлдегері: 1930
- КОНМЕБОЛ чемпионы: 1937
- Аргентина чемпионатының үздік мергені: 1933 (34 гола)
- ФИФА-ның құрмет орденімен марапатталған — 1994
- 5 ақпанда туғандар
- 1910 жылы туғандар
- 30 тамызда қайтыс болғандар
- 2010 жылы қайтыс болғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Алфавит бойынша футболшылар
- Аргентина футболшылары
- Футболдан Оңтүстік Америка чемпиондары
- Аргентина Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары
- Бока Хуниорс ФК ойыншылары