| Пьер Буль | |
| фр. Pierre Boulle | |
| Туған күні | 20 ақпан 1912 |
|---|---|
| Туған жері | Авиньон, Франция |
| Қайтыс болған күні | 30 қаңтар 1994 (81 жас) |
| Қайтыс болған жері | Париж, Франция |
| Азаматтығы |
|
| Мансабы | жазушы, сценарийші, инженер |
| Шығармашылық жылдары | 1950–1992 |
| Бағыты | реализм, фантастика |
| Шығармалардың тілі | |
| Марапаттары |
|
| Сыйлықтары | Оскар сыйлығы, BAFTA (1957) |
Ортаққордағы санаты: Пьер Буль | |
Пьер Буль — франциялық жазушы.
1933 жылы Электрика жоғарғы мектебін бітірді. 1936 жылдан бастап Шығыс Азияда жұмыс істеген. Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда генерал де Голльді қолдап, «Азат Франция» қозғалысы құрамында Сингапур, Бирма, Индонезиядағы әскери және тыңшылық әрекеттерге қатысқан. 1943 жылы оны вишистер Меконг өзені бойында тұтқынға алды. Екі жылдан кейін ол Сайгоннан қашып кете алды. Кейін Малайзияда тұрған, Францияға қайтып келгенде, бейбіт өмірін әдебиетке арнаған.
1952 жылы оның «Квай өзенінен өткен көпір» (Le Pont de la Riviere Kwai) атты романы шығады, ол әлемдік бестселлерге айналады. 1957 жылы роман желісімен түсірілген фильм шығады. Ол Үздік фильм үшін Оскар сыйлығын және тағы алты Оскарды жеңіп алады, оның ішінде Үздік бейімделген сценарий үшін Оскар сыйлығы Пьер Бульге табысталады. Осы фильм үшін ол әрі BAFTA сыйлығын да алады.
1963 жылы Пьер Буль «Маймылдар ғаламшары» (La Planète des singes) атты фантастикалық романын жариялайды. Онда болашақтағы ғарышкерлердің Бетельгейзеге сапары кезінде өзгеше өркениетке тап болғаны туралы баяндалады. 1968 жылы осы аттас фильм шығып, культті дәрежеге ие болды. Пьер Буль үшін бұл ғажап жағдай болды, себебі өз романының экрандалуы мүмкін емес екеніне сенді.
1966 жылы ол «Менің өз Квай өзенім» атты мемуарларын шығарады. Жазушының басқа да кітаптары бар. Оның ішінде «E=mc2» әңгімелер жинағы (1957), «Сана ойындары» романы (1971), «Өнерге деген сүйіспеншіліктен» (1985), т. б.
- 20 ақпанда туғандар
- 1912 жылы туғандар
- 30 қаңтарда қайтыс болғандар
- 1994 жылы қайтыс болғандар
- Құрмет легионы орденінің офицерлері
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Алфавит бойынша жазушылар
- Франция жазушылары
- Үздік бейімделген сценарий үшін Оскар сыйлығының иегерлері