Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Қарасай ауданы — Алматы облысының оңтүстігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік. 1929 жылы құрылған. Алғашында "Ленин", кейіннен "Калинин", 1935 жылдан "Қаск

Қарасай ауданы

  • Басты бет
  • Қарасай ауданы

Қарасай ауданы — Алматы облысының оңтүстігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік. 1929 жылы құрылған. Алғашында "Ленин", кейіннен "Калинин", 1935 жылдан "Қаскелең", 1998 жылғы қыркүйек айынан қазіргі атымен аталады. Жерінің аумағы 2 мың км².

Қазақстан ауданы
Қарасай ауданы
Елтаңбасы
Елтаңбасы
Әкімшілігі
Облысы

Алматы облысы

Аудан орталығы

Қаскелең

Ауылдық округтер саны

10

Қалалық әкімдіктер саны

1

Ауыл саны

46

Қала саны

1

Әкімі

Жасұлан Тоққожаұлы Естенов

Аудан әкімдігінің мекенжайы

Қаскелең қаласы, Абылайхан көшесі, №213

Тарихы мен географиясы
Координаттары

43°11′57″ с. е. 76°37′17″ ш. б. / 43.19917° с. е. 76.62139° ш. б. / 43.19917; 76.62139 (G) (O) (Я)Координаттар: 43°11′57″ с. е. 76°37′17″ ш. б. / 43.19917° с. е. 76.62139° ш. б. / 43.19917; 76.62139 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1929

Жер аумағы

2 мың км²

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

326 547 адам (2023)

Ұлттық құрамы

қазақтар (78,95%), орыстар (10,25%), түріктер (4,44%), күрдтер (1,19%), ұйғырлар (0,68%), татарлар (0,41%), өзбектер (0,37%), басқалары (3,71%)

Сандық идентификаторлары
Пошта индексі

040900-040932

Автомобиль коды

05

Қарасай ауданының әкімдігі

Облыс картасындағы Қарасай ауданы

Мазмұны

Географиялық орны, жер бедері

Аудан солтүстігінде Іле ауданымен, шығысында Кеген ауданымен және Алматы қаласымен, батысында Жамбыл ауданымен, оңтүстігінде Қырғызстанмен шектеседі.

Оңтүстік, оңтүстік-батыс бөлігі таулы (Іле Алатауының биік шыңды сілемдері), орталық бөлігі сай-жыралармен тілімделген жазық. Ауданның ең биік жері — Іле Алатауы баурайынан Ақсай өзені бастау алатын Айдатау шыңы (4029 м). Шыңды мәңгі мұз бен қар басқан. Таулы шың қырғыз елі шекарасы тұсыңда орналасқан. Іле Алатауының осы батыс бөлігінде биіктігі 3000 м-ден асатын бірнеше таулар мен асулар (Тікқия, Үшқоңыр, Кебеже, Айғайтас, Көкөзек, Көктөбе, Емеген, Құмбел, Қаскелең) бар. Аудан жерімен Қаскелең, Шамалған (Қасқасу), Ұзынқарғалы, Ақсай, Үлкен Алматы өзенідері ағып өтеді.

Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі

Климаты континенттік, қысы біршама жұмсақ, жазы ыстық. Қаңтардың жылдық орташа жұмсақсы — -6-9°С, шілдеде 22-24°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері жазық өңірде 300-500 мм. Мұнда таудың қара топырағынан бастап, қуаң даланың бозғылт қоңыр, сұр топырағына дейінгі барлық табиғи белдемге тән топырақ түрлері Биік таулы белдеуде алмұрт, шие, алма, өрік, долана, арша, шырша, альпілік, субальпілік шалғын, жазық өңірде бетеге, жусан, ебелек, т.б. астық тұқымдас шөптесін өседі. Жануарлардан: арқар, таутеке, қасқыр, түлкі, қоян, борсық; құстардан: ұлар, кептер, бүркіт, сұңқар, т.б. мекендейді.

Шаруашылығы

Ауданда 1997 жылы етті-сүтті мал, құс, көкөніс, картоп, жеміс - жидек өсіруге мамандандырылған 20 шаруашылык, 4 ҒЗИ, ауыл шаруашылығы машиналарын сынау, құс есіру, тәжірибе станциясылары болған. Олардың негізінде 1997 жылдан 14 өндірістік кооператив, 2 ЖШС, 3088 шаруа қожалығы құрылды. Сондай-ақ, 1 асыл тұқымды, 2 тәжірибе шаруашылығы, 1 акц. қоғамға біріктірілді. Олар жеке меншік, шетел инвестициясына өндіріс орындарын ашу бағытында жұмыс істеуде. "Хамле" ЖШС төтті тоқаштар өндіру, "Синтекс — 396 Қазақстан" ЖШС-і темекі өнімдерін, "Либелла-Ботлерс-Алматы" ЖШС-і алкогольсіз сусындар өндіреді.

Ауыл шаруашылығы (мәлімет ескірген)

[2002 жылғы 1 қаңтарындағы есеп бойынша, аудан аумағында 3019 шаруа қожалығы құрылған. 2001 ж. Жаңа Шамалған темір жол стансасында (Жібек жолы) 15,2 мың т жүгері, картоп өнімдерін қайта өндейтін зауыт салынды. Жандосов ауылында асыл тұқымды бәйге аттарын күтіп-баптау, ат спортын жан-дандыру бағытындағы ипподром іске қосылды. Қарасай ауылының ауылыш-на жарамды жер 512,3 мың га, оның ішінде 49,3 мың га егістік, 22,1 мың га жайылым, 1,4 мың га шабындық бар. Аудан аумағында бірнеше ірі республика және облыс бағыныстағы көсіпорындар мен ұйымдар орналасқан. Олар: "Арал" сауықтыру-емдеу акц. қоғамы (Райымбек ауылы), облыс қан беру орталығы (Қаскелең қ.), ішімдікке құмарларды емдеу мекемесі (Ерменсай ауылы), Ақсай балалар клиникалық ауруханасы (Ақсай ауылы), 2 әскери бөлім (Ақжар және Шамалған ауылыдары), іле-Алатау ұлттық демалыс аймағы (Таусамал ауылы), Қаскелең аң аулау орман ш-ғы (Шамалған темір жолы. стансасы), Бірінші Май тәжірибе ш-ғы (Әшекеев ауылы), Білім және ғылым министрлігіне қарайтын Қазақстан республика академиялық аграрлық зерттеулер Орталығының қазыналық көсіпорыны, Мемл. қазыналық асыл тұқымды мал зауыты (Каменка ауылы), Қаскелең қ-лық баспаханасы, мемлекеттік "Водоканал" коммуналдық кәсіпорыны (Қаскелең қ.), Қазақ мал шаруашылығы ҒЗИ (Каменка ауылы), Қазақ көкөніс және картоп өсіру ҒЗИ (Қайнар ауылы), Қазақ өсімдік қорғау ҒЗИ (Қарғалы ауылы), ҚР ауыл шаруашылығы мин-гі Қ. ауылы бойынша аумақтық комитеті (Қаскелең к ), Вильяме атындағы Қазақ егіншілік ҒЗИ (Алмалыбақ ауылы), Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінің Еңбекші ауыл шаруашылығы өндірістік көсіпорны (Еңбекші ауылы), Қазақ құс өсіру ҒЗИ (Алмалыбақ ауылы), Республикалық оқу-сауықтыру "Бөбек" орталығы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, мемлекеттік кәсіпорын департаменті "Жер астын зерттеу институты" көсіпорнының филиалы (Қаскелең қ.). Қ. ауданында мәдени және білім беру мекемелерінен 53 кітапхана, 1 музей, 7 мәдениет үйі, 1 колледж, 3 көсіптік-техн. мектеп, 46 жалпы білім беру орны, 2 балабақша тіркелген. Емдеу мекемелерінен "Сарыарқа", "Алма-Арасан", "Қарғалы", емдеу-сауықтыру орындары, "Орленок", "Электрон" оқушылар лагерлері, "Энергетик" демалыс үйі мен оқушылар лагерлері, сонымен бірге Қаскелең қалалық орталық ауруханасы, Шамалған ауылы мен Шамалған темір жолы станциясыларындағы ауылыдық ауруханалар елге қызмет көрсетеді. Басқа елді мекендерде 30 ауылыдық дәрігерлік амбулаториялар мен фельдшеракушерлік пункттер бар. Аудан жерімен халықаралық маңызы бар Алматы-Қарағанды-Астана және Ташкент-Шымкент-Тараз-Бішкек-Алматы транзиттік автомобиль жолдары өтеді.] 

Халқы

1939 1959 1970 1979 1989 1999 2009 2021
 25489 ▲94751 ▲129048 ▲152835 ▲176753 ▼154602 ▲184356 ▲307870

Аудан халқының саны 270 673 адам (2019), ұлттық құрамы: қазақтар (77,81%), орыстар (11,13%), басқалары (11,06%).

Әкімшілік бөлінісі

Аудандағы 47 елді мекен 1 қалалық әкімдігі мен 10 ауылдық округке біріктірілген:

Халқының саны (2009, 2021)
Ауылдық округтері 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
Әйтей ауылдық округі 7394 ▲15385 208,1 3572 ▲7621 213,4 3822 ▲7764 203,1
Елтай ауылдық округі 9066 ▲20527 226,4 4604 ▲10282 223,3 4462 ▲10245 229,6
Жамбыл ауылдық округі 9126 ▲20494 224,6 4427 ▲10160 229,5 4699 ▲10334 219,9
Жандосов ауылдық округі 8692 ▲11216 129 4297 ▲5550 129,2 4395 ▲5666 128,9
Жібек жолы ауылдық округі 20675 ▲41333 199,9 10202 ▲20803 203,9 10473 ▲20530 196
Қаскелең қалалық әкімдігі 58513 ▲79522 135,9 28325 ▲39356 138,9 30188 ▲40166 133,1
Первомай ауылдық округі 4908 ▲7346 149,7 2400 ▲3670 152,9 2508 ▲3676 146,6
Райымбек ауылдық округі 25391 ▲34585 136,2 12754 ▲17147 134,4 12637 ▲17438 138
Ұмтыл ауылдық округі 11574 ▲16010 138,3 5621 ▲7776 138,3 5953 ▲8234 138,3
Шамалған ауылдық округі 13704 ▲28660 209,1 6748 ▲14048 208,2 6956 ▲14612 210,1
Іргелі ауылдық округі 15313 ▲32792 214,1 7611 ▲16000 210,2 7702 ▲16792 218
ЖАЛПЫ САНЫ 184356 ▲307870 167 90561 ▲152413 168,3 93795 ▲155457 165,7
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 05, 2026

    Суэц каналы

  • Наурыз 23, 2026

    Омоним

  • Сәуір 05, 2026

    Урду тілі

  • Сәуір 04, 2026

    Болгар тілі

  • Наурыз 12, 2026

    Жылқы

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары