Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Мәрмәр теңізі түр. Marmara, аты ақ мәрмәрдің бай өндірісі болған аралға байланысты шыққан, грекше Пропонтида (Propontіs, pro — алдыңғы және pontos — теңіз) — Ат

Мәрмәр теңізі

  • Басты бет
  • Мәрмәр теңізі

Мәрмәр теңізі түр. Marmara, аты ақ мәрмәрдің бай өндірісі болған аралға байланысты шыққан, грекше Пропонтида (Propontіs, pro — алдыңғы және pontos — теңіз) — Атлант мұхитының Еуропа мен Кіші Азияның аралығындағы жерорта теңізі. Солтүстігінде Босфор бұғазы арқылы Қара теңізбен, оңтүстігінде Дарданелл бұғазы арқылы Эгей теңізімен жалғасады. Ауданы 11472 км². ұзындығы 280 км, енді жері 80 км. Суының орташа көлемі 4 мың км3, ең терең жері 1273 м. Еуропа, Азия және Африка құрылықтарын бөліп тұратын жер қыртысының ірі жарылыстарынан пайда болған. Ірі аралдары — Мәрмәр, Принц, тағыда басқа. Ердек, Бандырма, Гемлік шығанақтары бар. Мәрмәр теңізіне Симав, Қожабаш өзендері құяды. Суы қатпайды, беткі қабатының орташа температурасы 9ӘС, ал жазда 29ӘС-қа дейін жетеді. Мәрмәр теңізінің гидрологиялық режимі бұғаздары арқылы Қара және Эгей теңіздері суының алмасуына байланысты. Тұздалуы солтүстігінде 20%, оңтүстігінде 25 — 26%. Флора мен фаунасы Жерорта теңізіне ұқсас. Теңізден балық (скумбрия, сардины, тағы да басқа) ауланады. Мәрмәр теңізі арқылы Қара теңізден Жерорта теңізіне өте маңызды су жолдары өтеді. Жағалауында Ыстанбұл, Ізмір портты қалалары және курорттар орналасқан.

Ыстанбұлдық Адалар аймағы. Бююкада аралындағы порт.
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 03, 2026

    Үнді мұхиты

  • Сәуір 06, 2026

    Миссисипи (өзен)

  • Сәуір 06, 2026

    Компьютер бағдарламасы

  • Сәуір 06, 2026

    Ресей Федерациясы

  • Сәуір 06, 2026

    Ахмет Бірімжанов

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары