Суэц каналы (араб. قَنَاةُ ٱلسُّوَيْسِ; Қанату әс-Сувайс) — Жерорта теңізі мен Қызыл теңізді жалғастыратын халықаралық маңызы бар жасанды су жолы. Ұзындығы 161 км, ені 120 м-ден (Суэц – Исмаилия порттары аралығында) 318 м-ге (Исмаилия – Порт-Саид аралығында) дейін, тереңдігі фарватерінде 18 м-ге жетеді. 1859 – 1869 жылдары салынып (1967 – 1976 жылдары Египет-Израиль қақтығысына байланысты жабылды), 1980 – 1982 жылдары қайта жөндеу жұмыстары жүргізілді. Төменгі Египеттің су жолдары жүйелерімен (Исмаилия каналы – Каир – Ніл; 145 км) байланысқан; ауыл шаруашылдығы жерлерін суландыру желісі (Аббасия, 38 км) тартылған. Канал арқылы жылына 80 млн. т жүк (негізінен мұнай мен мұнай өнімдері, қара және түсті металл кентастары) тасымалданады. Суэц каналы Азия мен Африка арасындағы географиялық шартты шекара болып саналады. (Африка мен Азияның Синей түбегін бөліп жатыр).



Тағы қараңыз
- Панама каналы
| Бұл — география бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |