Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Дала генерал-губернаторлығы, сондай-ақ Дала өлкесі – 1882-1918 жылдар аралығында 36 жыл өмір сүрген Ресей империясының генерал-губернаторлығы. Қазіргі Қазақстан

Дала генерал-губернаторлығы

  • Басты бет
  • Дала генерал-губернаторлығы

Дала генерал-губернаторлығы, сондай-ақ Дала өлкесі – 1882-1918 жылдар аралығында 36 жыл өмір сүрген Ресей империясының генерал-губернаторлығы. Қазіргі Қазақстанның, сондай-ақ Ресей мен Қырғызстанның аумағында болды. Әкімшілік орталығы – Омбы қаласы.

Ресей империясының генерал-губернаторлығы
Дала генерал-губернаторлығы
Әкімшілігі
Ел

 Ресей империясы

Әкімш. орт.

Омбы

Тарихы мен географиясы
Құрылған уақыты

30 мамыр 1882

Таратылған уақыты

1918 жылы

Дала генерал-губернаторлығы картада

Дала генерал-губернаторлығы Ортаққорда

Мазмұны

Тарихы

 
Дала генерал-губернаторлығы

Дала генерал-губернаторлығы Ақмола, Семей және Жетісу облыстарының құрамында (1899 жылы Түркістан генерал-губернаторлығына қайтарылды) 1882 жылы 18 (30) мамырда Басқарушы Сенатқа берілген атаулы император жарлығымен құрылды. 1891 ж. 25 наурыздагы "Дала ережесі" бойынша оған Орал, Торғай облыстары қосылды.

Дала генерал-губернаторының көмекшісі қызметі белгіленбеді.

1882 жылы соғыс министрі П.С.Ванновскийдің бастамасымен Ресей империясының Қытаймен шектесетін аумақтарын бір губернаторлыққа біріктіру қажеттілігіне байланысты құрылды. Генерал-губернаторлықтың құрылуымен Батыс Сібір генерал-губернаторлығы жойылды, оның құрамына Ақмола және Семей облыстары қосылды. Жаңа генерал-губернатордың құрамына енген үшінші облыс бұрын Түркістан генерал-губернаторлығына бағынған Жетісу облысы болды. Дала өлкесінің генерал-губернаторы, сонымен қатар, Омбы әскери округі әскерлерінің қолбасшысы және Сібір казак әскерлерінің міндет атаманы болды.

Дала генерал-губернаторлығы шығысында Қытаймен, оңтүстігінде Түркістан генерал-губернаторлығының Ферғана және Сырдария облыстарымен, батысында Бөкей ордасымен және Самар губернаторлығымен шектесті.

Жетекшілігі

Генерал-губернаторлары

Т. А. Ә. Атағы, шені, лауазымы Лауазымды орындау уақыты
Колпаковский Герасим Алексеевич инфантерия генералы
25.05.1882—24.10.1889
Таубе Максим Антонович барон, атты әскер генералы
24.10.1889—05.07.1900
Сухотин Николай Николаевич генерал-лейтенант
14.04.1901—25.04.1906
Надаров Иван Павлович атты әскер генералы
25.04.1906—08.06.1908
Шмит Евгений Оттович атты әскер генералы
08.06.1908—24.05.1915
Сухомлинов Николай Александрович генерал-лейтенант
24.05.1915—01.03.1917?

Уақытша үкіметтің Дала өлкесі жөніндегі комиссары

Т. А. Ә. Партиясы Лауазымды орындау уақыты
Новоселов Александр Ефремович социалист-революционерлер (эсэрлер)
3.08.1917—20.09.1918

Әдебиет

  • Адрес-календарь должностных лиц правительственных и общественных установлений степнаго Генерал Губернаторства. - Омск : Тип. Акмол. обл. правления, 1892
  • Губернаторская галерея: генерал-губернаторы Западной Сибири и Степного края, 1819—1917. Председатели Омского областного исполкома, 1917—1989. И. П. Шихатов. Издание «Наследие. Диалог-Сибирь». Омск. 2000
  • Справочная книжка на 1895 г. о должностных лицах правительственных и общественных установлений Омского военного округа и Степного генерал-губернаторства. - Омск : Тип. Окр. штаба, 1894
  • Справочная книжка на 1898 год о должностных лицах правительственных и общественных установлений Омского военного округа и степного генерал-губернаторства. - Омск : Типпография окружного штаба, 1897
  • Список переселенческих и запасных участков, образованных с 1883 г. по 1 июля 1903 г. в Степном крае, Тобольской, Томской, Енисейской и Иркутской губерниях, вып. 14. - СПб. : [б. и.], 1903
  • Судебные уставы Императора Александра Второго в Сибири, в Туркестане и Степных областях : закон 13 мая 1896 г. о введении Судеб. уставов в губ. И обл. Сибири с мотивами из объясн. зап. М-ва юстиции ; закон 2 июня 1898 г. о судеб. реформе в Туркест. крае и Степ. обл.: полн. текст Судеб. уставов имп. Александра II с изм. / сост. В. Сальмонович и Н. Громов. - 2-е, пересм. и доп. изд. - Томск : Изд. кн. магазина П. И. Макушина (Паровая типо-литогр. П. И. Макушина), 1898 (обл. 1899)
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 22, 2026

    Дыбыс

  • Сәуір 03, 2026

    Рейхстаг (ғимарат)

  • Сәуір 02, 2026

    Солтүстік Македония

  • Сәуір 02, 2026

    Луи Пастер

  • Сәуір 04, 2026

    Карбон кезеңі

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары