Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Ұлан ауданы — Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан әкімшілік бөлініс. 1928 жылы құрылған. Аудан аумағы 9610 шаршы км. Әкімшілік орталығ

Ұлан ауданы

  • Басты бет
  • Ұлан ауданы

Ұлан ауданы — Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан әкімшілік бөлініс. 1928 жылы құрылған. Аудан аумағы 9610 шаршы км. Әкімшілік орталығы – Қасым Қайсенов кенті.

Қазақстан ауданы
Ұлан ауданы
Әкімшілігі
Облысы

Шығыс Қазақстан облысы

Аудан орталығы

Қасым Қайсенов кенті

Ауылдық округтер саны

13

Кенттік әкімдіктер саны

3

Ауыл саны

45

Әкімі

Арман Ілиясұлы Бекбосынов

Аудан әкімдігінің мекенжайы

Қайсенов кенті, Абай алаңы, №5

Тарихы мен географиясы
Координаттары

49°46′23″ с. е. 82°23′42″ ш. б. / 49.77306° с. е. 82.39500° ш. б. / 49.77306; 82.39500 (G) (O) (Я)Координаттар: 49°46′23″ с. е. 82°23′42″ ш. б. / 49.77306° с. е. 82.39500° ш. б. / 49.77306; 82.39500 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1928

Жер аумағы

9,6 мың км²

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

34 005 адам (2023)

Ұлттық құрамы

қазақтар (72,94%), орыстар (24,63%), немістер (0,81%), татарлар (0,54%), басқа ұлт өкілдері (1,08%)

Сандық идентификаторлары
Автомобиль коды

16

Ұлан ауданының әкімдігі

Қазақстан картасындағы Ұлан ауданы

Облыс картасындағы Ұлан ауданы

Мазмұны

Географиялық орны, жер бедері

Аудан солтүстігінде Шемонаиха, Глубокое аудандарымен, солтүстік-шығысында Алтай ауданымен және Өскемен қаласымен, оңтүстік-шығысында Самар ауданымен, солтүстік-батысында Абай облысының Бородулиха ауданымен және Семей қаласымен, шығысында Жарма ауданымен, оңтүстік-батысында Көкпекті ауданымен шектеседі.

Аудан аумағы Қалба тауының тау бөктерінде орналасқан, ауданның барлық аумағы таулы рельефпен сипатталады, оны абсолюттік биіктікке байналысты екіге бөлуге болады: орта және төмен таулы. Орта және таулы ойпатты аумақ негізінде жайылым алабтарымен қамтылған.

Климаты

Тау бөктеріндегі аймақ, қоңыржай ылғалды және жылы, оңтүстік қоңыржай ыстық климатпен сипатталады. Ең суық айдың (қаңтар) орта темпетатурасы -14-18 градусты, ең ыстық (шілде) + 20+21 градусты құрайды.

Ауыл шаруашылығы

Ауданда ауылшаруашылық өндіріспен 812 ауыл шаруашылық құрылымдары айналысады, олар 805 шаруа қожалықтары және 7 түрлі қалыптағы шаруашылық субъектілері. Ауданның ауыл шаруашылық құрылымдарына 398,3 мың гектар ауыл шаруашылық белгідегі жерлер бекітілген. Негізінде, ауыл шаруашылық азық түліктерін өндірушілері болып шаруа қожалықтары және жеке қосалқы шаруашылықтар саналады, оларда жалпы ауыл шаруашылық азық-түлік 85 пайзға дейін өндіріледі. Ауданың жалпы ауыл шаруашылық азық-түлігінің көлемі 5 219274,0 мың теңгені, мал шаруашылығы өндірісінде 3 945718,0 мың теңгені, өсімдік шаруашылығында 1 273556,0 мың теңгені құрады. 2003 жылдың жалпы азық-түлік өндірудің өсу көлемі 3,8 пайызды құрайды. Аудан бойынша 2004 жылы бидайдың орта өнімділігі гектардан 9,9 центнерді құрады. 2005 жылдың 1 қантарына қарағанда ірі қара малдың саны 50,3 мың, шошқа саны – 12,0 қой және ешкі - 61,8 жылқылар – 7,6, құстар - 188,3 түйелер – 13 бас, маралдар – 60, түйеқұс – 6. 2005 жылдың 1 қаңтарына қарағанда өндірілген азық-түлік сомасы – 2682457,5 мың теңге, онын ішінде ірі шаруашылықтар бойынша – 2635860,5 мың теңге, шағын өндіру цехтары бойынша – 46597,0 мың теңге, 34 қайта өңдеу кәсіборындары және шағын цехтар жұмыс істейді.

Өнеркәсібі

Аудан аумағында екі ірі өнеркәсіп орындары бар: «Өскемен құс фабрикасы» ААО, «Огневка» ЖШС. Өнеркәсіптік азық-түлік өндіру көлемі 2003 жылдың құндылығымен салыстырғанда 108,3 пайызға өсті, 2004 жылдың индикативтіқ жоспарын орындау 107,1 пайызды құрды, немесе өндірілген азық-түлік 3 537027,0 мың теңгені құрады. «Өскемен құс фабрикасы» ААО шығаратын негізгі азык- түлік түрлері мынадай: бройлер балапан еті, дүмбілі құс еті, консервілер, сүрлендірген еттер шұжық бұйымдары. Кұс фабрикасы жалпы аудандағы өндірілетін еттерден 61,5 пайызын өндіреді. Кәсіпорындарда жұмыс істейтіңдер саны 1137 адам құрайды. «Огневка» ЖШС. Бүгінгі күні кеніште қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Жалпы жұмыс істейтіндер саны 350 адам. Огневка кентінде № 2 консервациялық және жаңарту аяқталды. 2004 жылы бөлшек сауда бұйымдарының саны 190 құрады. Осы кәсіпорындар бойынша тауар айналымының көлемі 765,2 млн теңгені құрайды, жұмыспен қамтылғандар саны 770 адам. Аудан аумағында 49 елді мекендері облыс орталығымен тасымалдау қызметімен қамтылған. Жолаушылдарды және жүктерді тасымалдау автокөлікпен жүзеге асырылады. Ауданда 537 км жолдар жергілікті маңызда жұмыс істейді, оның ішінде асфальть-бетондық жабынмен - 24 км, қара қиыршық тасты 300, ұсақталған тасты – 204, табиғи топырақты жабын – 9 км. Аймақтық «2003-2010 жылдарындағы ауыз су» бағдарламасына сәйкес Саратовка ауылының су құбыры желілеріне 16 799,6 мың теңгеге іргелі түзету жұмыстары жүргізілді.

[Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында ауданда бюджет есебінен, 778,5 мың теңгеге Бестерек ауылында жаңа скважина тесілген, 820, 01 мың теңгеге Таврическое ауылының су құбыры желілеріне ағымдағы түзету жұмыстары жүргізілді. Бозанбай, Каменка ауылдарында, Огневка кентінде көше жарықтандыру жүргізу бойынша жұмыстар ұйыидастыру, ол үшін аудан бюджетінен 244,01 мың теңге бөлінді. Сонымен қатар көше жарықтандыру жұмысы Таврия, Ұлан, Жанұзақ ауылдарында, Молодежное кентінде жүргізілді. 2004 жылы Молодежный кентінде қосымша 15 жарықтандыру белгеліңді. Қала арасы және халықаларық телефон байналысы «Қазақтелеком» ААО жүзеге асырады. Ауданда 2000 нөмірлерге жеті автоматтандырылған жүйелі телефон станциясы жұмыс істейді, 1 – электронды автоматтандылған телефон станциясы 2000 мыңға, 200 нөмірге 19 - автоматтандырылған жүйелі телефон станциясы, 29 сөйлесу пунктері. 2004 жылы телефон нөмірлерінен жалпы саны 5231 құрды. 38 мектеп, 6576 оқушы оқумен қамтылған, 1 мектепке дейінгі мекеме, 1 БЖСМ, 1 БММ. Аудан аумағында ауыл шаруашылық колледжі бар және оның қасында лицей жұмыс істейді. 6 фельдшерлік акушерлік пункт, 18 фельдшерлік пункт, 3 мемлекеттік емхана, 8 елді мекендерді тұрғындарға медицина қызметкелеріне жайсыз (үйлерінде) қызмет көрсетеді. 2004 жылы денсаулық сақтау бойынша кызметкелерінің саны 198 адам құрады. 2005 жылдың 1 каңтарда қарағанда аудан аумағында 24 мәдениет мекемелері, оның ішінде: мәдениет үйлері – 2, аудандық мәдениет үйі – 1, клубтар – 13, кітапханалар – 8, халық ұжымдары – 3. 2004 жылға бюджеттің кіріс бөлімі 271,2 млн теңгені құрды. Жергілікті бюджет бойынша субвенция – 542,5 млн теңге құрды. Дамыту бюджеті 70846,0 мың теңгені құрды, оның ішінде 3700,0 мың теңге республика бюджетінен басқару органдарына, олар ауылды дамытуға, денсаулық сақтауға және білім беруге жұмсалды.] 

Халқы

1939 1959 1970 1979 1989 1999 2009 2021
 21508 ▲24999 ▲35078 ▲35151 ▲37889 ▲45699 ▼39079 ▼34067

Тұрғындары 39 178 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар – 91,34%, орыстар – 25,35%, немістер – 0,85%, татарлар – 0,49%, украиндар – 0,32%, шешендер – 0,21%, өзбектер – 0,18%, белорустар – 0,09%, басқа ұлт өкілдері – 0,42%,

Әкімшілік бөлінісі

45 елді мекен 3 кенттік әкімдік пен 13 ауылдық округке біріктірілген:

Халқының саны (2009, 2021)
Ауылдық округтері 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
Абылайкит ауылдық округі 3999 ▼3474 86,9 1971 ▼1816 92,1 2028 ▼1658 81,8
Азов ауылдық округі 1081 ▼537 49,7 558 ▼278 49,8 523 ▼259 49,5
Айыртау ауылдық округі 2520 ▼2332 92,5 1273 ▼1217 95,6 1247 ▼1115 89,4
Алмасай ауылдық округі 1378 ▼1314 95,4 692 ▼675 97,5 686 ▼639 93,1
Асубұлақ кенттік әкімдігі 3001 ▼2037 67,9 1403 ▼988 70,4 1598 ▼1049 65,6
Багратионов ауылдық округі 1844 ▼1372 74,4 879 ▼687 78,2 965 ▼685 71
Бозанбай ауылдық округі 2866 ▼2363 82,4 1443 ▼1257 87,1 1423 ▼1106 77,7
Егінсу ауылдық округі 1670 ▼1348 80,7 883 ▼730 82,7 787 ▼618 78,5
Каменка ауылдық округі 1120 ▼757 67,6 553 ▼386 69,8 567 ▼371 65,4
Қасым Қайсенов кенттік әкімдігі 3966 ▲6465 163 1865 ▲3077 165 2101 ▲3388 161,3
Огнёв кенттік әкімдігі 551 ▼511 92,7 260 ▼242 93,1 291 ▼269 92,4
Өскемен ауылдық округі 1799 ▼1385 77 862 ▼692 80,3 937 ▼693 74
Саратов ауылдық округі 2191 ▼1389 63,4 1049 ▼701 66,8 1142 ▼688 60,2
Таврия ауылдық округі 5824 ▼4366 75 2841 ▼2186 76,9 2983 ▼2180 73,1
Тарғын ауылдық округі 2901 ▼2210 76,2 1449 ▼1146 79,1 1452 ▼1064 73,3
Төлеген Тоқтаров ауылдық округі 2368 ▼2207 93,2 1138 ▼1101 96,7 1230 ▼1106 89,9
ЖАЛПЫ САНЫ 39079 ▼34067 87,2 19119 ▼17179 89,9 19960 ▼16888 84,6
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 04, 2026

    Сөйлем мүшесі

  • Наурыз 21, 2026

    Мыс

  • Наурыз 23, 2026

    Нәсіл

  • Сәуір 06, 2026

    Өлі тілдер

  • Сәуір 04, 2026

    Жетісу Алатауы

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары