Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Алғашқы еңбек жолын ол осы Түрксіб темір жол құ­рылысында жер қазушы ретінде бастаған. Қазақ даласына келген жаңа­шылдық, замандастарының темір жолға деген алға

Түрксіб (сурет)

  • Басты бет
  • Түрксіб (сурет)

«Түрксіб» — қазақ кескіндемешісі Әбілхан Қастеевтің 1969 жылы салған суреті.

Алғашқы еңбек жолын ол осы Түрксіб темір жол құ­рылысында жер қазушы ретінде бастаған. Қазақ даласына келген жаңа­шылдық, замандастарының темір жолға деген алғашқы көзқарасы, дархан даланың тылсым үні бәр-бәрі оның жан дүниесіне өшпестей із қалдырғаны анық.

Сол құрылыстың нәтижесін бейнелеу үшін Қастеев алдымен 1932 жылы акварельмен салынған нобайды дайындап шығарады. Онда адырлы жермен көрермен жаққа ұмтылған пойыз бен түйе үстінде оның жүрісін бақылап отырған бақташы бейнеленген. Бұл шағын ғана сурет және қарапайым техникада салынған.

Ал 1969 жылғы сурет — Қастеевтің ең танымал туындыларының бірі. Оның өлшемдері 149 × 197 см, майлы бояумен салынған.

1932 жылы салынған нобай — пошта маркасында
1969 жылғы сурет — пошта маркасында

Екеуін салыстырсақ, суретшінің шығармашылық эволюциясы айқын көрінеді, сондай-ақ мазмұнның күрделеніп, жаңа бейнелермен байтылып шыққаны байқалады. Егер акварельдік нобайда жалғыз ғана адамды көрсек, кейінгі суретте ауыл бойымен өткен пойызды талай жұрт қарсы алып жатқанын байқаймыз.

Немересін жетектеген әженің бей­несі мен баланың көрінісінен де үл­кен бір ұлттық сарын сезіледі. Үлкен кісілердің киген киімі мен тұр­­ған тұрысындағы философиялық ой, халқымыздың жаратылысын еріксіз еске түсіреді. Суретшінің ком­позициялық шешімін тапқан және бір тұсы ол, қазақ ер азаматтарын ат үстінде бейнелеуі... Ер азаматтардың киімдері мен бас киімдерін ұлттық ерекшеліктерге сай етіп, картинаға аса шеберлікпен бере білген... Пойыздан шыққан түтіннің өзі аспандағы бұлттармен үйлесім тауып үндесуі, ақша бұлт­тардың суреттегі сюжетпен байланысуы, күн нұрының тау бөктері мен ондағы барлық құбылысқа түсіп, жарық пен көлеңкенің жымдасуы, кез келген әлемге әйгілі суретшілердің шығармаларынан кем түспейді. (Кәміл Шаяхметов)

Сілтемелер

  • Сурет сипаттамасы Мұрағатталған 24 қазанның 2021 жылы. Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайы сайтында
  • Сурет сыры / Түрксіб YouTube сайтында
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 03, 2026

    Аскорбин қышқылы

  • Сәуір 04, 2026

    Нұрлы Байкенов

  • Наурыз 11, 2026

    Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

  • Наурыз 29, 2026

    Сілтілік металдар

  • Наурыз 11, 2026

    Үндістан

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары