Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Салық немесе Салих (араб.: صَالِحٌ‎) — Самуд халқына Алла тарапынан жіберілген, Құранда аты аталатын пайғамбар. Құран Кәрімде баяндалғандай ол халқын бір Аллаға

Салық (пайғамбар)

  • Басты бет
  • Салық (пайғамбар)

Салық немесе Салих (араб.: صَالِحٌ‎) — Самуд халқына Алла тарапынан жіберілген, Құранда аты аталатын пайғамбар. Құран Кәрімде баяндалғандай ол халқын бір Аллаға сыйынуға, өзін оның өкілі деп тануға шақырды. Самудтықтардың азғантай тобы ғана оның айтқанына сенді. Ал пұтқа табынатын көпшілік оның үндеуіне құлақ аспай, алған беттерінен қайтпады. Өз сеніміне берік Салих пайғамбар оларды пұтқа табынудан тыйылып, Алла тағаланың барлығы мен жалғыздығын танып, тәубаға келуге шақырудан танбады. Алла тағала Салих пайғамбарлығының дәлелі ретінде тастан буаз інген жаратады.

Салық ﵇
араб.: صَالِحٌ‎
Туған күні

Белгісіз

Туған жері

Белгісіз

Қайтыс болған күні

Белгісіз (158 жыл өмір сүрді)

Қайтыс болған жері

Белгісіз (Әл-Хижр)

Қызметі

Пайғамбар (самудтықтарға жіберілді), түйе өсірумен айналысқан

Салихтың соңынан ерушілердің қатары көбейе түсуінен сескенген қарсы топ айғақ түйені өлтіртеді. Түйеге қастандық жасаудан алдын ала сақтандырып, үлкен жаза тарту мүмкіндігін ескерткен Салих енді үш күннен соң олардың ауыр жазаға, құдайдың қаһарына ұшырайтындықтарын айтады. Олар тәубаға келудің орнына оны келеке етіп, тіптен түнде Салих пайғамбарды өлтіруге бел буады.

Ислам

мақалалар тізбегінің бөлігі



Құрандағы Ислам пайғамбарлары

Елшілер мен пайғамбарлар

Адам • Ыдырыс
Нұх • Һұд • Салық
Ибраһим • Лұт
Ысмайыл • Ысқақ
Жақып • Жүсіп
Әйюб
Шұғайб • Мұса • Һарұн
Зул-Кифл • Дәуіт • Сүлеймен • Ілияс
Әл-Йаса • Жүніс
Зәкәрия • Жақия
Иса •
Мұхаммед

к • т • ө

Кесімді үш күнде де райынан қайтпаған самуд халқы аспаннан түскен жайдан, күннің күркіреуінен ауыр апатқа ұшырайды. Тек Салих пайғамбарға ерген топ қана аман қалады. Құдайға сенбей, пайғамбарға қарсы келген қауымның тартар жазасын ескерту ретінде келген Салих пайғамбар мен Мұхаммед пайғамбар өмірі арасында ұқсастықтар бар.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 24, 2026

    Аборт

  • Сәуір 02, 2026

    Кембрий кезеңі

  • Наурыз 27, 2026

    Жүрек

  • Наурыз 27, 2026

    Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктер

  • Наурыз 29, 2026

    Қант диабеті

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары