Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Лигети Лайош (28.10.1902, Венгрия, Балашшадьярмат – 1984, Будапешт) – түркітанушы. Венгр ғылым академиясының акад. (1947).

Лигети Лайош

  • Басты бет
  • Лигети Лайош

Лигети Лайош (28.10.1902, Венгрия, Балашшадьярмат – 1984, Будапешт) – түркітанушы. Венгр ғылым академиясының акад. (1947).

Қытайда (1928 – 31), Ауғанстанда (1936 – 37), Жапонияда (1940) болып, көне жазулар мен ксилографтарды зерттеген. 1939 жылдан Будапешт университетінде қытайтанушылар орталығын басқарды. 1950 жылдан “Asta Orіentalіa Academіae Scіen Hungarіcae” журналының бас редакторы болды.

Лигети Лайош моңғол тілдері мен түркі тілдерінің арасындағы туыстық байланысты анықтау мәселесімен шұғылданды. Көне қытай жазба жәдігерлеріндегі түркі жұрттарына қатысты деректерді зерттеп, ғылыми айналымға енгізді және соның негізінде ғұн, көне түркі дәуіріндегі Еуразия көшпелілері туралы тың, кешенді зерттеулерді батыс деректерімен салыстырды. Мадиярлар (венгрлер) мен ғұн, түркілердің көне байланысын тілдік-тарихи деректермен дәлелдеді. Мадияр және түркі тілдерінің тарихи байланысын мадиярлардың Азиядағы және Карпат бассейніне қоныс тепкен уақыттарын бірнеше тарихи кезеңге және тақырыптық топтарға бөліп талдаған. Бұл әлемдік түркологияда теор. жаңа әдістемелік көзқарастарды ұсынған соны әрі қорытындылаушы еңбек болып саналады. Ол сондай-ақ “Моңғолдың құпия шежіресін” көне қытай иероглифінен оқып, академиялық текстологиясын алғаш ұсынған.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 02, 2026

    Әл-Иншиқақ сүресі

  • Наурыз 23, 2026

    Отбасы

  • Сәуір 02, 2026

    Араб тілі

  • Сәуір 06, 2026

    Шешендік өнер

  • Сәуір 03, 2026

    Буылтық құрттар

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары