Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай, Алтай аудандары жерімен ағып өтеді. Ұзындығы 336 км, су жиналатын алабы 12 660 км2. Сағасындағы жылдық орташа су ағыны 214

Бұқтырма (өзен)

  • Басты бет
  • Бұқтырма (өзен)

Бұқтырма – Ертістің оң саласы.

Бұқтырма өзені
Шыңғыстай ауылының маңындағы Бұқтырма өзенінің аңғары (Шығыс Қазақстан облысы, Катон-Қарағай ауданы)
Шыңғыстай ауылының маңындағы Бұқтырма өзенінің аңғары (Шығыс Қазақстан облысы, Катон-Қарағай ауданы)
Сипаттамасы
Ұзындығы 336 км
Су алабының
ауданы
12 660 км²
Су алабы Ертіс
Су ағысы
Бастауы Оңтүстік Алтай жотасындағы мұздықтар
 • Координаттары 49°09′19″ с. е. 87°15′52″ ш. б. / 49.15528° с. е. 87.26444° ш. б. / 49.15528; 87.26444 (G) (O) (Я) (T)
Сағасы Бұқтырма
 • Координаттары 49°44′26″ с. е. 83°59′25″ ш. б. / 49.74056° с. е. 83.99028° ш. б. / 49.74056; 83.99028 (G) (O) (Я)Координаттар: 49°44′26″ с. е. 83°59′25″ ш. б. / 49.74056° с. е. 83.99028° ш. б. / 49.74056; 83.99028 (G) (O) (Я) (T)
Орналасуы
Ел  Қазақстан
Аймақ Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай, Алтай аудандары
 Басқа мағыналар үшін Бұқтырма деген бетті қараңыз.

Мазмұны

Географиялық орны

Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай, Алтай аудандары жерімен ағып өтеді. Ұзындығы 336 км, су жиналатын алабы 12 660 км2. Сағасындағы жылдық орташа су ағыны 214 м3/с.

Бастауы

Оңтүстік Алтай жоталарындағы мұздықтардан бастау алып, Ертістегі Бұқтырма бөгеніне құяды.

Гидрологиясы

Өзен аңғарының беткейлері тік жар, терең шатқалды, аңғарының ені 5 — 6 км, тар жері 0,3 — 0,4 км. Қар, жаңбыр және жер асты суымен толығады. Көктемде, жазда тасиды. Мұзқұрсау қарашаның 2-жартысында қалыптасып, әдетте 80-200 күнге созылады. Мұздың қалыңдығы 50-80 см болады. Суы өте жұмсақ әрі тұщы (100-250 мг/л). Өзен арнасымен ағаш тасымалданады, салалары егін суаруға пайдаланылады. Ағысының күштілігіне байланысты Бұқтырма атанған.

Салалары

Басты салалары: Ақбұлақ, Сарымсақты, Ақ Берел, Черновая, Язовая, Бобровка, Черневая, Хамир, Тұрғысын, Коробиха

Флора мен фаунасы

Тұнық суында қарауыз, таймен бар.

Тағы қараңыз

  • Бұқтырма көпірі
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 04, 2026

    Ерейментау ауданы

  • Наурыз 21, 2026

    Көміртегі

  • Сәуір 02, 2026

    Барақ хан

  • Сәуір 05, 2026

    Ленин ордені

  • Наурыз 11, 2026

    Мұхит

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары