Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Герман империясы (Немісше: Deutsches Reich), сонымен қатар Империалды Германия немесе жай Германия деп аталған, Франк-прусс соғысы нәтижесінде 1871 жылдағы Герм

Герман империясы

  • Басты бет
  • Герман империясы
(наурыз 2023)

Герман империясы (Немісше: Deutsches Reich), сонымен қатар Империалды Германия немесе жай Германия деп аталған, Франк-прусс соғысы нәтижесінде 1871 жылдағы Германияның бірігуімен басталып, 1918 жылы Қараша төңкерісінің нәтижесінде, Республиканың жариялануымен аяқталған Германия елінің тарихи кезеңі.

Герман Империясы
Deutsches Reich

Империя
18 қаңтар 1871 — 9 қараша 1918
Байрақ Елтаңба
Ұраны
Gott mit uns (немісше)

Nobiscum Deus (латынша)
("Құдай бізбен бірге")


Герман империясының Еуропадағы территориялары (1914)
Астанасы Берлин
Тіл(дер)і Немісше
Діні (1880 жылы)

62,63% Протестанттар
35,89% Католиктер 1,24% Иудейлер 0,24% Қалғандары

Аумағы 540 857,54 км² (1910)

Империя 1871 жылының 18 қаңтарында, Солтүстік Германия Конфедерациясы мен Аустриядан басқа барлық Герман мемлекеттер біріккенде құрылған. 1850 жылынан бастап, елде белсенді индустрияландыру үдерісі өтіп, Еуропаның ең ұзын темір жолы мен әлемнің ең ірі әскерін құрып, 47 жылдық кезеңде Германия Еуропадағы державалардың бірі болған.

Бірінші дүниежүзілік соғысында Германияның Парижді екпіндеп басып алу жоспары бұзылып, Батыс фронты дағдарысқа ұшыраған. Одақтастар бастаған соғыс-теңіздік блокаданың кесірінен, Германияда азық тапшылығы пайда болған. Дегенмен, Германия Шығыс фронтында өз мүмкіндіктерін көрсете алған. Ресейдің Брест келісімінде белгіленген аумақты басып алған. 1918 жылының қарашасында, елде басталған төңкерістің нәтижесінде, Веймар Республикасы жарияланып, Герман империясы құлдыраған. Соғыстан кейін Одақтастар Германияны ірі репарацияларды төлеуге мәжбүрлеп, 1922 жылы болған гиперинфляция мен Ұлы тоқыраудың әсерінен, елде нацизм мен фашизм таралып, Адольф Гитлердің үкіметке келуіне әкелді.

Колониялары

1884 жылы Германия өзінің Африкадағы алғашқы колонияларын құрды. Африка үшін күрес кезеңінде Германия қазіргі Того, Танзания, Руанда, Бурунди, Намибия, Камерун аймақтарын басып алды. 1899 жылы Испания Тынық мұхитындағы аралдарды Германияға сатты. Алайда Германия осы колониялардың бәрінен Версаль бейбіт келісімі бойынша айрылды.

Конституциясы

Империя федеративті парламенттік конституциялық монархия болды. Федералдық кеңес (Бундесрат) ең жоғарғы билігі болды. Императорлық рейхстаг (Рейхстаг) Парламент ретінде қызмет еткен жалпыға бірдей ерлер дауысы бойынша сайланған заң шығарушы орган болды. Ол заң жобаларын ұсынуға және бундесраттың келісімімен жыл сайын мемлекеттік бюджет пен әскери бюджетті бекітуге құқылы болды.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 04, 2026

    Астрономиялық таңбалар

  • Наурыз 22, 2026

    Мақала

  • Сәуір 03, 2026

    Ахемен әулеті

  • Наурыз 11, 2026

    Есімдік

  • Сәуір 03, 2026

    Силур кезеңі

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары