Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Әлеуметтік ғылымдар - қоғам және оның әр түрлі жақтары туралы білім жинақтап, жүйелей дамытатын ғылымның өзіндік ерекшеліктері бар бір тобы. Оған философия, тар

Әлеуметтік ғылымдар

  • Басты бет
  • Әлеуметтік ғылымдар

Әлеуметтік ғылымдар - қоғам және оның әр түрлі жақтары туралы білім жинақтап, жүйелей дамытатын ғылымның өзіндік ерекшеліктері бар бір тобы. Оған философия, тарих, тіл білімі, әдебиеттану, құқық, экономика, социология (әлеуметтану), саясаттану, мәдениеттану, әлеум. психология, журналистика т.б. жатады.Әлеуметтік ғылымдар ерекшеліктері өзі зерттейтін пәндеріне тікелей тәуелді. Негізінен Әлеуметтік ғылымдар адамнан, оның қызметі мен қарым-қатынастарынан туындайтын аса күрделі қоғамдық құбылыстарды зерттеуге бағытталады. Мұнда объективтілік пен субъективтілік, саналылық пен бейберекеттік (стихийность), материалдық пен руханилық астарлар қым-қиғаш араласып, бір-бірімен астасып жатады. Сондықтан Әлеуметтік ғылымдар «адам дүниесін», қоғамдық өмірді, адам қызметінің сан-салалы түрлерін зерттегенде осы ерекшеліктерді ескереді. Әлеуметтік ғылымдарда әрбір қоғамдық құбылысқа деген таным субъектісінің құндылық қатынасы көрініс табады, яғни онда зерттеліп отырған процестердің өзіндік қасиеттерімен бірге адамның мақсат-мүдделерінен туындайтын көзқарас, талғам айқын білінеді. өз пәнінің күрделілігіне, ерекшеліктеріне орай Әлеуметтік ғылымдар қоғамдық құбылыстарды, «адам дүниесін» зерттегенде жаратылыстану ғылымдарындағыдай неше түрлі приборлар мен тех. қондырғыларды қолдану мүмкін емес болғандықтан, салмақ адам ойына, ойлау, абстракциялау қабілетіне түседі. Сол тұрғыдан мұнда таным әдісі мәселесі алға шығады, күрделі философия мәселелер туындап, өз шешімін табуды талап етеді.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 04, 2026

    Әбілқайыр хан

  • Сәуір 03, 2026

    Торғай облысы

  • Сәуір 04, 2026

    Орал округі

  • Наурыз 18, 2026

    Мұрат Мөңкеұлы

  • Наурыз 21, 2026

    Дін

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары