Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Көкшетау уезі — Сібір Қазақтарының аймағы, Ақмола облысы, Омбы губерниясы мен Ақмола губерниясының әкімшілік-аумақтық бірлігі. Уездік орталық — Көкшетау қаласы.

Көкшетау уезі

  • Басты бет
  • Көкшетау уезі

Көкшетау уезі — Сібір Қазақтарының аймағы, Ақмола облысы, Омбы губерниясы мен Ақмола губерниясының әкімшілік-аумақтық бірлігі. Уездік орталық — Көкшетау қаласы. 1898 жылға дейін Көкшетау округі деп аталды.

Уез
Көкшетау уезі
Әкімшілігі
Ел

 Ресей империясы

Кіреді

Ақмола облысы

Уездік қала

Көкшетау

Тарихы мен географиясы
Құрылған уақыты

1854

Таратылған уақыты

3 қыркүйек 1928

Жер аумағы

78,9 мың км²

Тұрғындары
Тұрғыны

155,5 мың адам (1897)

Көкшетау уезі картада

Мазмұны

Әкімшілік бөлінісі

Болыстардың қазақша атауы Болыстардың орысша атауы Саны
ауылдар түтін
Атығай-Бағыс (Атығай руы) Кокчетавская 9 1592
Есенбақты-Керей (Майлыбалта) (Керей руы) Котуркульская 9 1730
Монтық-Қарауыл (Қарауыл-уақ руы) Восточная 6 976
Қараша-Жаулыбай (Атығай руы) Зерендинская 11 1940
Жақсылық-Есенбай (Қарауыл-уақ руы) Мизгильского 6 1095
Шамқұрша-Шоқтыбай (Атығай руы) Чалкарская 7 1134
Қошқылы-Байымбет (Атығай руы) Аиртавская И 1842
Келдіноғай (Атығай руы) Джиландинская 10 1366
Көкшетау уезі бойынша барлығы: 69 11675
 
1893 жылғы Ақмола облысы болыстарының картасы

1913 жылы уезде 13 болыс пен 8 ауыл: Александровская, Балқаш, Викторовская, Вознесенская, Гавриловская, Дмитриевская, Қазан, Каменская, Константиновская, Кривоозерная, Макинская, Николаевская, Павловско-Подрогодная болыстары және Ақанбұрлық, Арықбалық, Зеренді, Көкшетау, Қатаркөл, Лобаново, Сандықтау, Щучинск болды.

1926 жылы 17 болыс: Ақанбұрлық, Балқаш, Бостандық (орталығы - Көкшетау қ.), Володар, Восточная (орталығы - Көктөбе мекені), Жыланды (орталығы - Ақанбұрлық а.), Көкшетау, Красная (орталығы - Қазан а.), Красноармейская (орталығы - Сухотинское а.), Крестьянская (орталығы - Көкшетау қ.), Макинская, Октябрьская (орталығы - Қарасей а.), Ортақшылар (орталығы - Қазан а.), Рузаевская, Советская (орталығы - Николаевское а.), Щучанская, Еңбекшілдер (орталығы - Щучинское а.) болды.

Тарихы

Көкшетау округі Ақмола облысы құрамында 1854 жылы құрылды. 1898 жылы Көкшетау уезі болып өзгертілді. 1918 жылы Ақмола облысы Омбы облысы, ал 1919 жылы Омбы губерниясы деп аталды. 1921 жылы Көкшетау уезі Қырғыз АКСР Ақмола губерниясына берілді, онда 1928 жылы жойылғанға дейін болды.

Тұрғындары

1897 жылғы халық санағы бойынша уезде 155,5 мың адам тұрды.

Оның ішінде:

  • қазақтар — 50,8 %;
  • орыстар — 31,0 %;
  • украиндар — 12,4 %;
  • мордвалар — 4,3 %;
  • татарлар — 1,0 %.

Көкшетау уездік қаласында 4962 адам тұрды.

Арғындар — қазақ халқының 82% (Атығай, Қарауыл).

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 06, 2026

    Codex Cumanicus

  • Сәуір 05, 2026

    Атмосфералық жауын-шашын

  • Наурыз 26, 2026

    Географиялық карта

  • Сәуір 03, 2026

    Эрнст Геккель

  • Сәуір 04, 2026

    Болгар тілі

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары