Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

«Барыс» ордені — Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шілдедегі № 462-1 Заңымен белгіленген ордені.

Барыс ордені

  • Басты бет
  • Барыс ордені
 Басқа мағыналар үшін Барыс деген бетті қараңыз.

«Барыс» ордені — Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шілдедегі № 462-1 Заңымен белгіленген ордені.

«Барыс» ордені
I дәрежелі
II дәрежелі
III дәрежелі
Мемлекет  Қазақстан
Түрі Орден
Жағдайы беріледі
Негізделді 26 шілде 1999 жыл
Жоғары марапаты «Назарбаев» ордені
Төменгі марапаты «Даңқ» ордені
Order of Barys Ортаққорда

Бұл орден ерекше еңбегі үшін:

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттілігі мен егемендігін нығайтқаны;
  • бейбітшілікті, қоғамның топтасуы мен Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз еткені;
  • мемлекеттік, өндірістік, ғылыми, әлеуметтік-мәдени және қоғамдық қызметте;
  • халықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға;
  • ұлттық мәдениеттерді жақындастыру мен өзара байытуға;
  • мемлекеттер арасындағы достық қатынастарды дамытқаны үшін беріледі.

Мазмұны

Дәрежелері

«Барыс» орденінде үш дәреже бар:

  • 1-дәрежелі «Барыс» ордені жұлдыз бен иық таспасындағы белгіден тұрады.
  • 2-дәрежелі «Барыс» ордені кеуде қалыбындағы белгіден тұрады.
  • 3-дәрежелі «Барыс» ордені мойын таспасындағы белгіден тұрады.

Орденнің ең жоғары дәрежесі — I дәреже. Марапаттау ретпен жүргізіледі: III дәрежелі, II дәрежелі және I дәрежелі. Ерекше жағдайларда көзге түсер айырмашылығы үшін мемлекет басшысының шешімі бойынша кезектілік ескерілмей марапаттар тағайындалуы мүмкін.

Сипаттамасы

Орден таспасы қою көк түсті, ортасында үш сары жолағы бар.

  • 1-дәрежеліде — иықтық — ені 100 мм
  • 2-дәрежеліде — қалыптыға — ені 32 мм
  • 3-дәрежеліде — мойынға — ені 20 мм

Галерея

  •  
    I дәрежелі «Барыс» орден жұлдызы
  •  
    I дәрежелі «Барыс» белгі ордені
  •  
    II дәрежелі «Барыс» ордені
  •  
    III дәрежелі «Барыс» ордені

Тағы қараңыз

  • Қазақстанның мемлекеттік марапаттары
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 05, 2026

    Әз-Жәнібек хан

  • Сәуір 07, 2026

    Кібісе жыл

  • Сәуір 07, 2026

    Абақ Керей

  • Наурыз 16, 2026

    Бұлшық ет

  • Наурыз 29, 2026

    1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары