Буын үндестігі - сөз ішіндегі, сөз бен қосымша арасындағы дауыстылардың не бірыңғай жуан, не жіңішке болып айтылу заңдылығы. Буын үндестігін ғылымда сингармонизм заңы деп те атайды. Қазақ тілінде сөздер бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып келеді. Кейбір жағдайларда жуан және жіңішке дыбыстар аралас келеді. Бұл мұндай жағдайларда:
- Басқа тілден енген сөздер(кітап, қадір, мұғалім т.б.)
- Біріккен сөздер(бойжеткен, баспасөз т.б.)
- Қос сөздер(қыз келіншек, жоғары-төмен т.б.)
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар
Қазақ тілінде осы қосымшылардың бір тобы соңғы буынның жуан-жіңішкелігіне қарамастан, не жуан, не жіңішке қалпында қосылады.
- Көмектес септік жалғаулары:-мен, -бен, -пен (доп-пен, дос-пен т.б.)
- -нікі, -дікі, -тікі (апам-дікі, қойшы-нікі)
- -жаң, -тай, -тал, -дар, -еке, -тар (аға-жан, шеше-тай, білім-дар, ата-еке, сезім-тал т.б.)
- -хана, -стан, -кент, -күнем (дәрі-хана, Пәкі-стан, Шым-кент, пайда-күнем т.б.)
- -кер, -гер, -қор, -паз, -қой, -ғой, -гөй,- кеш -уар (қалам-гер, пәле-қор, өнер-паз, кәсіп-қой, кіре-кеш, сөз-уар т.б.)
- -ов, -ев, -ин (Cейсенбеков-тің, Aлмабаев-тың). Мұнда қосымша түбір сөздің соңғы буынындағы дауысты дыбыстың жуан-жіңішкелігіне қарай жалғанады.
- Қазақ тілінде басқа тілден енген сөз алдынан қосылатын бей- , би- қосымшалары да үндестік заңына бағынбайды (бей-берекет, бей-шара, бей-тарап т.б.)
Кірме сөздердегі буын үндестігіне бағынбайтын жағдайлар:
1.Кірме сөздерде дауысты дыбыстар жуан-жіңішке болып араласып келе береді. Мысалы: араб тілі: кітап, мұғалім, құдірет т.б. Орыс тілі: кино, театр, алгебра т.б.
2.Х әрпіне біткен сөздерге қосымшалар жуан түрде жалғанады. Мысалы: тарих-тың, цех-тан т.б.
3.Рк, нк, кс, кт дыбыстарының тіркесіне біткен орыс тілінен енген сөздерге қосымшалар жіңішке түрде жалғанады. Мысалы: парк-тен, танкі-ні, пункт-ке т.б.
4.Ль әріптерінің тіркесіне біткен орыс тілінен енген сөздерге қосымшалар жіңішке түрде жалғанады. Мысалы: рольді, ролі, рульді, рулі т.б.