Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Оғыз тілі, көне заманда түркі тайпалары арасында кең тараған, қазір өлі тіл саналады. Тарихи еңбектерде кейде ғұз тілі, ұз тілі деп те аталған. 7 – 8 ғасырларда

Оғыз тілі

  • Басты бет
  • Оғыз тілі

Оғыз тілі, көне заманда түркі тайпалары арасында кең тараған, қазір өлі тіл саналады. Тарихи еңбектерде кейде ғұз тілі, ұз тілі деп те аталған. 7 – 8 ғасырларда балбал, сынтастарда жазылған көне түркі жазба ескерткіштерінің Селенга және Орхон бойынан табылған бір тобы (Онгин, Құтлық қаған, Күлтегін, Тоныкөк) осы оғыз тілінде жазылған. 11 ғасыр жәдігерлігі М.Қашқаридың “Диуани лұғат ат-түрк” еңбегінде бұл тіл ерекшелігінің көбірек сақталғандығы байқалады. Оғыз тілі, әсіресе, қыпшақ тіліне жақын келіп, түрікмен, Әзірбайжан, гагауыз, түрік, т.б. тілдердің қалыптасуына негіз болған.

A.
Оғыз тілі қолданылған аумақ.

Көне оғыз тілінің өзіне ғана тән фонетика және грамматика ерекшеліктері болды. Олар фонетикада:

  1. 8 қысқа дауысты фонеманың сақталуы;
  2. сөз соңындағы г, ғ дауыссыз дыбыстарының тұрақтылығы (дағ – тау, бәг – бек), осы дыбыстардың кейбір қосымшалар құрамында түсіп қалуы (гәлән – келген, алан – алған);
  3. сөз басындағы т, қ, к қатаң дыбыстарының ұяңдануы (дил – тіл, гэл – кел);
  4. бол сөзінің басындағы б дыбысының айтылмауы (>ол);

Грамматикада:

  1. кейбір септік, көптік жалғауларының фонетика редукцияға (қысқартуға) ұшырауы (адама – адамға, малың – малдың);
  2. кейбір морфология форманттардың сақталуы (-мэли//-малы, -миш//-мыш) және басқа мағынада жиі қолданылуы, т.б. жатады.

Тағы қараңыз

  • Оғыз мемлекеті
  • Оғыздар
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 05, 2026

    Бинарлық номенклатура

  • Наурыз 13, 2026

    Салқам Жәңгір хан

  • Сәуір 06, 2026

    Аналитикалық философия

  • Наурыз 11, 2026

    Қазақ хандары

  • Сәуір 06, 2026

    Жымпиты уезі

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары