Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Уәлихан Зейнеп (шамамен 1812 жылы, Баянауыл – 1880-жылдардың соңы, Сырымбет қонысы) – Шоқан Уәлиханның анасы. Белгілі Баянауыл биі Шорман Күшіктің қызы, Баянауы

Зейнеп Уәлиханова

  • Басты бет
  • Зейнеп Уәлиханова

Уәлихан Зейнеп (шамамен 1812 жылы, Баянауыл – 1880-жылдардың соңы, Сырымбет қонысы) – Шоқан Уәлиханның анасы. Белгілі Баянауыл биі Шорман Күшіктің қызы, Баянауыл округінің аға сұлтаны Мұса Шорманның апасы. Уәли ханның жесірі Айғаным оны өзінің ұлы Шыңғыс сұлтанға айттырады. Зейнептен 7 ұл (Шоқан, Жақып, Мақы, Махмет, Ахмет, Қозыке, Қоқыш), 2 қыз (Ұрқия, Рахия) туады. Зейнеп көрікті әрі ақылды, сонымен қатар тәкәппар әрі әміршіл болған. Шоқанның демократиялық көзқарасының қалыптасуына көп ықпал еткен. Шыңғыс Уәлиханмен бірге 1850 – 1860 ж. Көкшетау қаласында тұрған.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 21, 2026

    Ғылыми-техникалық революция

  • Сәуір 05, 2026

    Исатай ауданы

  • Сәуір 07, 2026

    Дакота (айрық)

  • Наурыз 10, 2026

    Қазақ газеті

  • Сәуір 08, 2026

    Өзбек хан

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары