Шегірбалық немесе Ақкөз балық немесе Айнакөз (лат. Ballerus sapa) – Тұқылар тұқымдасындағы табан балыққа ұқсас балықтың бір түрі.
| Шегірбалық | ||||||||||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() | ||||||||||||||||||
| Амандық күйі | ||||||||||||||||||
![]() Least Concern (IUCN) | ||||||||||||||||||
| Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||
| Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||||
| Ballerus sapa Pallas, 1814 | ||||||||||||||||||
![]() |
Ұзындығы 15—18 см, кейде — 33 сантиметрге дейін болады. Қара теңізде, Дунай, Днепр, Днестр, Дон, Еділ, Терек өзендерінде, ал Қазақстанда Каспий, Арал теңіздерінде және Жайық өзендерінде кездеседі. Тұщы су мен теңізді жайлайтын 2 түрі бар. Екеуі де уылдырығын тұщы суға шашады. Дене тұрқы 15-25 cм, кейде 33 см., салмағы 800 г-нан аспайды. Теңіз ақкөз балығы уылдырық шашу үшін күз бен қыста өзенге ауысады. Сәуір мен Май айларында судың температурасы 12-15˚C-қа жетісімен өзен арнасына уылдырық шаша бастайды. Қазіргі таңда бұл балық түрінің саны өте аз. Кәсіптік бизнес жасауға қолайсыз.
