Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Бозша мөңке (лат. Carassius auratus) — тұқыттәрізділер отрядының тілікшелілер тұқымдасына жататын балық. Шығыс Қазақстанда ірі ақпайтын суқоймаларыңда, сондай-а

Бозша мөңке

  • Басты бет
  • Бозша мөңке

Бозша мөңке (лат. Carassius auratus) — тұқыттәрізділер отрядының тілікшелілер тұқымдасына жататын балық. Шығыс Қазақстанда ірі ақпайтын суқоймаларыңда, сондай-ақ, Ертіс өзені су қоймаларыңда кең тараған. Бозша мөңке өзінің «туысы» алтын мөңкеден ірілеу және ол салмағы жағынан 3 кг дейін жетсе, дене тұрқы 50 см дейін жетеді. Арқа қанаты ұзын болады. Жыныстық жағынан бозша мөңке 3-4 жасында жетіледі. Уылдырық шашуды мамырдың аяғында бастап, тамызда аяқтайды. Бозша мөңке шамамен 350 мың уылдырық шашады. Бозша мөңке уылдырығын жағалаудағы өсімдіктерге, қамыс пен қоғаның түбіне, су асты шөптерге шашады. Бозша мөңкенің өзіне тән қызықты ерекшелігі бар. Балықтың бұл түрінің аналығы аталығының қатынасынсыз уылдырық шаша береді, ал сол шашылған уылдырықтар балықтардың басқа түрлерінің шоғалының құйылуы (сазан, табан, шортан, алабұға) арқылы да жетіле береді. Бозша мөңке хирономидтің ұсақ дернәсілдерімен және су өсімдіктерімен қоректенеді. Мөңке қола өсіруге бейім балықтың түрі. Сондықтан оларды тоған жасап сонда өсіреді.

Carassius auratus
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 05, 2026

    Кванттық химия

  • Сәуір 05, 2026

    Ауыз қуысы

  • Сәуір 05, 2026

    Осакаров ауданы

  • Сәуір 07, 2026

    Антикомминтерндік пакт

  • Сәуір 07, 2026

    Жарыпшыққан (өзен)

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары