Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Халықта отау көтеру деген сөз бар. Ол "үйленеді", "отбасылы болу" деген мағынаны білдіреді. Демек, үйленумен бірге олар отау көтеруге тиіс. Әдетте ұлы үйленетін

Отау көтеру

  • Басты бет
  • Отау көтеру

Халықта отау көтеру деген сөз бар. Ол "үйленеді", "отбасылы болу" деген мағынаны білдіреді. Демек, үйленумен бірге олар отау көтеруге тиіс. Әдетте ұлы үйленетін, қызы тұрмысқа шығатын ата-ана алдымен отау дайындайды. Қыз жасауына отау қосылып беріледі. Отау жас отбасының бақыи шаңырағы болып саналатындықтан, оны барынша әсемдеп, әдемілеп, толық жабдықтап әзірлеу аз шаруа емес. Оған көрші-көлем, жақын-туыс, нағашы-жиендер тегіс араласады. Кесе-аяқтан бастап үй киізіне дейін әкеледі. Сөйтіп бүкіл ауыл болып отау көтеру әрі қызық, әрі міндетті іс. Отау алғаш тігілгенде оны құрметті әрі елге сыйлы аналар бастайды. Шаңырақты да бақанға ақ мата байлап, ел ағаларына көтертеді. Отқа май құйылады, босаға майлау жасалады. Алғашқы дастарқан жайылып, оған мол тағам қойылады. Кіргендер шашу шашып, "құтты болсын", "іші жанға, сырты малға толсын" деген игі тілектер білдіреді. Жақын туыстар отауға байғазы әкеліп, мал атайды, бағалы мүліктер сыйлайды. Жас отау әке үйінің оң жағына тігіледі. Бұл үйге жасы үлкендер шақырусыз кірмейді. Ал жастар мен жанашырлар жас отау түтінінің түзу шығуын, жаңа үйленгендердің тұрмыс-тіршілігін сырттай бақылап, келінге баға беріп отырады. Жас келін ерте тұрып өз үйінің ғана емес, жанындағы іргелес үйдің де шаруасына қарасуы оның адамгершілігі мен ізеттілігін айғақтайды.

Отау көтеру
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 21, 2026

    Конституция

  • Сәуір 22, 2026

    Лұқман сүресі

  • Сәуір 15, 2026

    Ұзынкөл ауданы

  • Сәуір 05, 2026

    Жанғыш газдар

  • Наурыз 22, 2026

    Темперамент

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары